Тәуелсіздік күніне орай өткен мерекелік концерт

Тәуелсіздік тәу етер қасиетті киеміз. Бабалардан қалған ақ жолтай аманат. 28 жыл бұрын біз өз жолымызды таңдадық. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Н.Ә. Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.

13 желтоқсан күні университет акт залында «Тәуелсіздік күні» меркесіне арналған салтанатты кеш өтті. Еліміздің ән ұранымен бастау алған кештің алғашқы құттықтау сөзі ҚМПУ ректор міндетін атқарушы Мусабекова Гүлвира Айдарханқызына берілді. Әрі қарай білім жолында ерен еңбек еткен ұстаздар мен университет қызметкерлері, университеттің дамуына үлес қосқан қаламыздағы білім ордаларының басшылары марапатталды.

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым жолындағы ерен еңбегі» төсбелгісі;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы;
  • ЖОО қауымдастығы құрамы еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін «А.Байтұрсынов атындағы қола медальі»;
  • Университетті дамыту мақсатында Ғылыми-педагогикалық, қоғамдық, мәдениет салаларындағы ерен еңбегі үшін «Өмірзақ Сұлтанғазин» төсбелгіс;
  • Облыс әкімі Мұхамбетов Архимед Бекежанұлының «Грамотасы»;
  • Білім ордаларының басшыларына «Университеттің даму жолындағы еңбегі үшін» төсбелгісі;
  • Университімізді дамыту мақсатында ғылыми-педагогикалық, қоғамдық, әлеуметтік-мәдениет т.б. қызмет салаларында жеткен жетістіктері үшін ұcтаздар қауымы мен университет қызметкерлеріне «Университеттің даму жолындағы еңбегі үшін» төсбелгісі;
  • Құрмет кітабына енгізілгені туралы Куәлік;
  • Оқудағы жетістіктері және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін «Жыл үздігі - 2019» номинациясы бойынша студенттерге «Мадақтама қағазы» мен қаржылай сыйлық табыстады.

Мерекелік концет әнмен, би және сахналық көріністермен өз жалғасын тапты.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, мықты мемлекеттігіміздің негізі – руханияттың қайнар көзінде жатыр. Біздің ұлттық сал-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөбен айтқандак ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Елдігіміз ғұмырлы болсын! Мәңгілік еліміздің абыройы асқақ, мерейі үстем болсын!

Фотогалерея

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Тәуелсіздік күніне орай өткен мерекелік концерт