Қыздар арасындағы армрестлингтен жарыс
- Подробности
- Опубликовано: 05 марта 2014
4 – 5 наурыз күндері ҚМПИ акт залында қыздар арасындағы армрестлингтен жарыс өтті. Аруларымыз спорттың осы бір ауыр түрінен жарысқа түсіп, сайысты қыздыра түсті. Бүгін сайыс қыздар арасында мынандай категорияларда өтті: 50 кг дейін, 55 кг, 60 кг, 65 дейін 70 және 80+ аралығында. Барлық спортшылар жарысқа жақсы дайындықпен келгенін және олардың жанкүйерлерінің белсенді қолдауын ерекше атап өткен жөн. Өз категорияларында келесілер жеңімпаз атанды:
50 келіге дейін (солқол) І орын-Сагатилла П. ТарМПИ (қ. Тараз); ІІорын- Волкова А. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ (қ. Петропавл); III орын- Чалимбекова М. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (қ. Алматы).
50 келіге дейін (оңқол) І орын-Сагатилла П. ТарМПИ (қ. Тараз); II орын- Чалимбекова М. Аль-Фараби атындағыҚазҰУ (қ. Алматы) және ІІІ орын- Ишмухамбетова А. ҚазАТК (қ. Алматы).55 келіге дейін категорияда (оңқол) жеңімпаздар төмендегідей анықталды: I орын – Боранбек А. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (қ. Алматы) , II орын - Тулепкалиева Д. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ (қ. Орал), III орын – Бушуева С. ҚМПИ(қ. Қостанай).
65 келі категориясында, Жұлдыз Кунтуганова мен Эльмира Усенова ТарМУ (Тараз) бірінші және екінші орындарды иеленді. 3 орын иегері- Мирамгүл Акашева БҚАТУ (Орал).
70 келі категориясында бірнші орын тағы тараздықтарда. 1 орынды Эльвира Шадыркул ТарМУ (Тараз) иеленсе, екінші және үшінші орындарды, Индира Зейнолова, СҚМУ (Петропавл) және Әсел Тұрысбекова СемМУ (Семей) бөлісті.
80 келі категориясында, ҚазҰУ (Алматы) – Перизат Бабакул және Назерке Смагул 1 және 2 орынды бөліссе, үшінші орынды ҚазҰМУ (Алматы) Чолпан Чмаева иеленді.
80+ категориясы: 1 орынды – Гүлнұр Байболова ҚазҰМУ (Алматы) иеленсе, 2 және 3 орындарды ҚМУ (Қостанай) - Анастасия Аношкина мен Әсем Нұрбиева студенттері бөлісті.
Қоржынындағы ұпай санымен бірінші орынды ҚазҰМУ (160 ұ.), екінші орынды БҚАТУ (158 ұ.), үшінші орынды СҚМУ командалары бөлісті (153 ұ.).

