6-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында VI Қысқы универсиада өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы ҚР 34 жоғары оқу орнынан келген 144 команданың ішінде 4 орынды иеленді.

2015 жылғы 25-29 қарашада Дублин қаласында (Ирландия) гір спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп, оған ҚМПИ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті, гір спорты бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері», гір спорты бойынша Қазақстан Республикасы жастар құрамасының мүшесі, Қостанай облысының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, 19.05.1996 жылғы Олег Сысолятин (Қостанай ауданы, Жамбыл ауылы) қатысты. Олег №1 БЖСМ бапкері, ҚМПИ ДШСжТФ оқытушысы – Олег Юрьевич Комаровтың жетекшілігімен жаттығады.

29 қарашада Дублин қаласында (Ирландия) юниорлар арасында (22 жасқа дейін) гір спорты бойынша Әлемдік чемпионат өтті. Жарысқа 36 елден 620 спортшы қатысты. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын біздің студентіміз, «Қазақстан Республикасының спорт шебері» - Олег Сысолятин екі сайыстан да (қоссайыс және ұзын цикл бойынша жұлқу) 3 жүлделі орынды иеленді. Спортшымызды әлемдік жетістігімен құттықтай отыра, әрі қарай табысқа қол жеткізе беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

2015 жылдың, сәуір айының 9-11 жұлдыздарында, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің биологиядан Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада барысында ҚМПИ студенттерінің «Olympus» тобы жалпы санақта 2 орынға ие болды, ал жеке санақта 3 курс көптіліді бөлім студенті – Маруарова Арай 3 орынға ие болды. Жалпы олимпиада жұмысында Қазақстанның 14 облысынан, 15 ЖОО командалары қатысты.

2015 жылдың 9-11 сәуірінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің математикадан Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада барысында ҚМПИ студенттерінің командасы жалпы санақта 3 орынға ие болды, ал жеке санақта 4 курс студенті Емелин Артем ие болды, ол қазылар алқасы ұсынған сесептің шешімінде қате тапты.

2013-2014 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионаты жоғарғы лигасының қыздар командасы арасында жеңімпаз атанған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Регина Закированы құттықтаймыз!

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ХХ облыстық жооаралық «Студенттік көктем - 2014» «Мәңгілік ел – Мәңгілік Қазақстан» спорттық бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстың бірінші түрі аяқталды. 1-орын ҚМПИ қанжығасына байланып, 2-орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ иеленді, ал 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына бұйырды. Жасөспірімдер арасында күтпеген жерден Нұрболат Жамантай (АрқМПИ) белгілі спортшы Думан Өтебаев (ҚМУ) пен Медет Биғазинді (ҚМПИ) артқа тастап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал қыздар арасында 2014 жылғы Азия чемпионы, тоғызқұмалақ бойынша халықаралық кластағы спорты шебері, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Айым Мұхаметқалиева сенімді түрде 1-орынға көтерілсе, 2-орынды ҚМУ өкілі Самал Маусымбаева, 3-орынды Арқалықтан келген Әсел Алдиярова атты студент иеленді.

Сәуір айының соңында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жатақханада тұратын студенттер арасында үстел теннисі мен дартс бойынша жарыс өтті. Жарыс жасөспірімдер арасында да, қыздар арасында да өткізілді. Жарыс нәтижелері бойынша үстел теннисінен жасөспірімдер арасында 1-орынды М.Досқалиев (ЖМФ 3 к.), 2-орынды Л.Абурахманов (ЖМФ 2 к.), 3-орынды Б.Сағымбаев (ЖМФ 3 к.) иеленді. Қыздар арасындағы жарыс қатысушылардың санының көптігіне байланысты өте тартысты өтті.

VI Республикалық пән олимпиадасында 1-орын алған 5В011200 – Химия мамандығының студенттер командасын құттықтаймыз. (Алматы қаласы, 2014 жылғы 23-24 сәуір) Команда құрамы: • Мадияр Мейрамов – 3 курс студенті • Ернар Мұхтарұлы – 3 курс студенті • Оксана Логвиненко – 2 курс студенті Команда жетекшісі: аға оқытушы А.Б. Нурушева

2014 жылдың 2 – 7 наурыз аралығында Қостанайда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы V қысқы универсиада өтті. Оның бұл жолғы ұйымдастырушысы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ұжымы. Айта кету керек алғашқы универсиаданың отаны Алматы қаласы болды, одан кейін Щучинск, Риддер сосын Петропавловск қалаларында әр екі жыл сайын өтіп келген. Енді міне бізгеде жетті. Биылғы универсиаданың ерекшелігі сол республикамыздың 31 жоғары оқу орындарынан 1000 үстінде спортшы студенттер жарыс жолына шықты. Олар спорттың 7 түрі (қысқы бағдарлау, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзал, пауэрлифтинг, армрестлинг, гір спорты) бойынша бақ таласты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер