Чемионатта сәттілік!

Сысолятин Олег2015 жылғы 25-29 қарашада Дублин қаласында (Ирландия) гір спорты бойынша Әлем чемпионаты өтіп, оған ҚМПИ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті, гір спорты бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері», гір спорты бойынша Қазақстан Республикасы жастар құрамасының мүшесі, Қостанай облысының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, 19.05.1996 жылғы Олег Сысолятин (Қостанай ауданы, Жамбыл ауылы) қатысты. Олег №1 БЖСМ бапкері, ҚМПИ ДШСжТФ оқытушысы – Олег Юрьевич Комаровтың жетекшілігімен жаттығады. Олег Сысолятин ұзын цикл бойынша жұлқудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының қола жүлдегері (Қостанай, 2014 жылғы 10-12 ақпан), классикалық қоссайыстан жасөспірімдер арасында (18 жасқа дейін) Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері (Шымкент, 2014 жылғы 16-18 наурыз), классикалық қоссайыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасы Кубогының күміс жүлдегері (Ақсу, 2014 жылғы 9-12 желтоқсан), ұзын цикл бойынша жұлқудан юниорлар арасында (22 жасқа дейін) Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері (Шымкент, 2015 жылғы 18-19 ақпан), классикалық қоссайыстан юниорлар арасында (22 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының Чемпионы (Алматы, 2015 жылғы 10-12 наурыз) болып табылады. Келешекте Олегке сәттілік, биік шыңдарды бағындыруда берік шыдамдылық және жаңа жеңістер тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер Чемионатта сәттілік!