«Студенттік көктем – 2014» спорттық іс-шаралары

stud vesna 2014-1Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ХХ облыстық жооаралық «Студенттік көктем - 2014» «Мәңгілік ел – Мәңгілік Қазақстан» спорттық бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстың бірінші түрі аяқталды. 1-орын ҚМПИ қанжығасына байланып, 2-орынды А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ иеленді, ал 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына бұйырды.
Жасөспірімдер арасында күтпеген жерден Нұрболат Жамантай (АрқМПИ) белгілі спортшы Думан Өтебаев (ҚМУ) пен Медет Биғазинді (ҚМПИ) артқа тастап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал қыздар арасында 2014 жылғы Азия чемпионы, тоғызқұмалақ бойынша халықаралық кластағы спорты шебері, дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 3 курс студенті Айым Мұхаметқалиева сенімді түрде 1-орынға көтерілсе, 2-орынды ҚМУ өкілі Самал Маусымбаева, 3-орынды Арқалықтан келген Әсел Алдиярова атты студент иеленді.

Студенттік көктем - 2014» фестивалінің қорытынды күнінде АрқМПИ шағын футбол командасы дәстүрлі түрде жеңіс жалауын биік көтеріп жүрген РИИ мен ҚМПИ командаларын артқа қалдырып, 1-орынға көтеріліп, бір дүрліктірді.
Күрестен Торғай аймағынан келген команда жүлдегерлер санына байланысты 1-орынды иеленіп, ағайынды Джваридзелердің арқасында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті 3-орынды місе тұтты.
 
stud vesna 2014-2stud vesna-2014-3

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер «Студенттік көктем – 2014» спорттық іс-шаралары