ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы VI Қысқы универсиада

16.02.6-176-17 ақпан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында VI Қысқы универсиада өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының командасы ҚР 34 жоғары оқу орнынан келген 144 команданың ішінде 4 орынды иеленді.
Айрықша көзге түскен студенттер: Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова 1000м қашықтықта – 1 орын, 1500м қашықтықта – 1 орын, 500м қашықтықта – 3 орын және әйелдер эстафетасында – 2 орынға ие болса, Қуандық Сүлейменов 500м қашықтықта 1 орынды қанжығасына байлап, Анастасия Бойко шаңғы жарысында 1 орынды еншіледі. Коньки тебу спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Кленко 1000м қашықтықта және шорт-тректен спорт шебері Никита Радаев 1500м қашықтықта 3 орынға ие болды. Шорт-тректен спорт шеберлігіне үміткер Виктория Афанасьева әйелдер эстафетасында 2 орынға шықты. Универсиада қорытындылары бойынша О.Тихонова және К.Сүлейменов 2017 жылғы Алматы қаласында өтетін Әлемдік Универсиадаға қатысуға үміткер болып табылады.

 

 

Фотогалерея

16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada 16.02.6-17-universiada

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы VI Қысқы универсиада