Универсиада киелі Қостанай төрінде

07.03.20142014 жылдың 2 – 7 наурыз аралығында Қостанайда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы V қысқы универсиада өтті. Оның бұл жолғы ұйымдастырушысы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ұжымы.
Айта кету керек алғашқы универсиаданың отаны Алматы қаласы болды, одан кейін Щучинск, Риддер сосын Петропавловск қалаларында әр екі жыл сайын өтіп келген. Енді міне бізгеде жетті.
Биылғы универсиаданың ерекшелігі сол республикамыздың 31 жоғары оқу орындарынан 1000 үстінде спортшы студенттер жарыс жолына шықты. Олар спорттың 7 түрі (қысқы бағдарлау, шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзал, пауэрлифтинг, армрестлинг, гір спорты) бойынша бақ таласты.

07.03.2014Қысқы униерсиаданың ашылу рәсімі 2014 жылдың 3 наурызында облыс орталығындағы Спорт сарайында өтті. Салтанатты жиынға Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, еліміздің бетке ұстар спортшылары, спорт ардагерлері тағы да басқа құрметті қонақтар қатысты.
Ал жабылу салтанаты А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ акт залында 2014 жылдың 7 наурызында өтті.
Осы сындарлы сайыста ҚМПИ әр түрлі спорт түрлерінен жеткен жетістіктері:
1. Пауэрлифтинг – ерлер – 2 орын, әйелдер – 1 орын;
2. Шаңғы жарысы – ерлер – 2 орын, әйелдер – 2 орын;
3. Қысқы президенттік көпсайыс – ерлер – 3 орын, әйелдер – 1 орын;
4. Қысқы спорттық бағдарлау – ерлер – 7 орын, әйелдер – 2 орын;
5. Гір спорты – ерлер – 1 орын;
6. Футзал – ерлер – 9 орын, әйелдер – 3 орын;
7. Армрестлинг – ерлер – 7 орын, әйелдер – 10 орын.
Универсиада қорытындысы бойынша ҚМПИ Қазақстан Республикасының 30 жоғары оқу орындарының ішінде, барлығы 34, оның 12 алтын, 14 күміс, 8 қола медальмен жекелеген сында бірінші орын, ал командалық жарыста екінші орынға ие болды.
Осындай байрақты бәсекеде ерекше көзге түскен спортшыларымызды атап өткіміз келеді. Олар ДШСжТФ 4 курс студенті, халықаралық спорт шебері Фиалка Андрей, ол гір спорты бойынша қоссайыс қорытындысында 186,5 рет гір тасын көтеріп 73 кг. салмақта халықаралық спорт шебері атағын қорғап қалса, ДШСжТФ 4 курс студенті, шаңғы жарысынан халықаралық спорт шебері Ткаченко Никита команда қоржынына 2 алтын және 2 күміс медель салып қуантты.
 
-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер Универсиада киелі Қостанай төрінде