Факультеттер мен жастар ұйымдар арасындағы Спартакиада

03.03.122012 жылдың 29 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттiк педагогикалық институтының базасында факультеттер мен институтының жастар ұйымдар арасында спорттықсайыстар өтті. Жарыстың төрт күні әртүрлi спорт түріне арналған болатын.

Дойбы бойынша қыздардың арасында 1 орынға Қайыркен Фариза ие болды. Жігіттер арасында Тимур Шаймұхановқа тең бәсекелес болған жоқ.

Теннисте қыздар арасында Ариккулова Әсем ең үздік болса, жігіттер арасында Мұрат Жоламанов бiрiншi ракетка болды.2 наурыз күні институтымыздың белсендiлерідартс атты ойында бақ сынасты. Көбiсі дартсты тұңғыш рет ойнады, сондықтан олар үшін жарыстардан әсерімол болды. Қыздардың арасында 1 орынды Серiк Бегзат иеленсе, жігіттер арасында Жүсiпов Абай ең үздік болды.

Спартакиаданыңең маңызды ойыны мини-футбол болды. Кәсiподақ ұйымыең үздік команда боп тағайындалды. Айтпақшы, жеңiмпаз команданыңорындауындағы жүзеге асырылған пенальтиойынның ең ұмытылмас момент болды.

Осы жарыстарды ұйымдастырушылар, ҚМПИ жастар iстері бойынша комитеті мен спорт клубы, жеңiмпаздарды мақтау қағаздарыменмарапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік команда болып ЖМФ болды.

03.03.12

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер Факультеттер мен жастар ұйымдар арасындағы Спартакиада