Жазғы студенттік Универсиада жаңалықтары

Осы жылы жазғы студенттік универсиада Талдықорған қ. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетте өтеді. Олардың базасында еркін күрестен, самбо, бокс, дзюдо, садақпен ату, регби, жағажай волейболы мен ауыр атлетикадан студенттер сайысы өтеді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жетісу мемлекеттік университеті аясында, 2017 жылдың 8-11 қазан аралығында өткен еркін күрес пен самбодан қатысты. Балуандар командасын оқу-тәрбие орталығының меңгерушісі Төлегенов Аманжол Бақытжанов алып жүрді.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің балуандар үш жүлделі орын алды. Еркін күрестен - күміс пен қола, самбодан – қола.

Самбодан 3 орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Абдрахманова Гаухар иеленді. Еркін күрестен 70 кг салмақ бойынша 2 орын иеленген «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Нұрмұхамбет Жанғали, 125 кг салмақта 3 орын осы мамадықта оқитын Жиентаев Талгат.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Студенттер-жүлдегерлер Жазғы студенттік Универсиада жаңалықтары