Нұр- Сұлтан» - Еуразия жүрегі атты онлайн- диктанттың қорытындысы
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2020
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығын атап өту қарсаңында «Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасында 2020 жылдың 6-шы сәуірінде «Нұр- Сұлтан- Еуразия жүрегі» атты онлайн диктант өтті. Диктанттың ұйымдастырушылары «Жеңіл орысша» атты әлеуметтік жобаның қатысушылары мен жетекшісі («Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасының 2 курс студенттері мен окытушысы Рядинская А.И.).
Диктанттың мақсаттары: орыс тілінің есте қиын сақталатын ережелерін жақсарту мақсатында анықтау, диктанттың нәтижиесін талқылап, қатемен жұмыс жасау арқылы сауаттылық деңгейін көтеру, патриоттыққа және ел тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру. Онлайн диктант Инстаграм желісіндегі «Жеңіл орысша»(@lle.ru) әлеуметтік жобасының парақшасында өткізілді. Диктантқа «Шет тілдері: екі шет тілі», «Бастауыш сыныпты оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Арнайы педагогика», «Химия биология» білім бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты.
Сәуірдің 13-сы күні сағат 14:00-де zoom арқылы видеоконференция өтіп, байқаудың нәтижиесі сонымен қатар, қатысушылардың жіберген қалыпты қателері талқыға салынды. « Ең сауатты» номинациясына, «Бастауыш сыныпты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 1 курс студенті Нүрбайқызы Көркем ие болды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.