«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасындағы «Үздік идея» стартап-жобаларының сайысы
- Подробности
- Опубликовано: 10 апреля 2020
2020 жылдың 28 наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының студенттері арасында «Үздік идея» стартап-жобалар сайысы өткізілді.
Байқауға барлық курс студенттері белсенді қатысты,қазылар алқасы мүшелеріне қарау үшін 9 жоба ұсынылды. Жоба тақырыптары студенттер әр түрлі таңдау жасап, олардың дайындығына жауапкершілікпен қарады, сондықтан оқытушыларға бір жеңімпазды таңдау оңай емес еді.
Сонымен қатар, студенттердің жобалары Instagram желісін пайдаланушылардың қызығушылығын тудырды, жобалар бойынша бейнероликтер мен оларға түсініктемелер саны жиынтығында бірнеше жүздеген адамға жетті.
Осылайша, байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: Казез Думан, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті, «Виртуалдық нақтылық көзілдірігі» (VR көзілдірік) жобасымен, жоба жетекшісі-Капитанец У.В.,педагогика ғылымдарының магистрі,оқытушы;
Шаяхметова Лаура және Замаева Хава, «Жақсылық жаса» жобасымен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, жоба жетекшісі-педагогика ғылымдарының магистрі,аға оқытушы- Жандауова Ш. Е;
Абдулхалиева Мариям, Нуртаева Жансая, Саханова Асель «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері «Бастауыш сынып оқушыларың тілдік байлығын қалыптастыру жолындағы жаңа технология» жобасымен, жоба жетекшісі – Бисембаева Ж. К., педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Қалған қатысушылар естелік сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлығына алғыс білдіреміз!