2020 жылдың 17 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген 80 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстар өтті.
2020 жылдың 28 сәуірінде облыстық филармонияда Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концерт өтті. Концертті облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық Достық үйі ұйымдастырды.Филармонияның холында мереке қонақтарын түрлі бауырсақтармен қарсы алып, дәл осы жерде қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Біздің мемлекетте Алғыс айту күні бесінші жыл аталып өтілуде. Бұл барлық қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды күндердің бірі.
Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында үздік оқулықтар іріктеліп, қазақ тіліне аударылды. У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапханасына 2018 жылдан бастап аударылған оқулықтар келіп түсуде.Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында қазақ бөлімінде оқитын тарихшы студенттер тарих бойынша оқулықтарды таныстырды және талқылады. Іс-шара басында жоба кеңсесінің жетекшісі Г. З. Балғабаева осы жобаны біздің университетте жүзеге асыру туралы ақпаратпен таныстырды.
Кәсіби бағдар – бұл ересек өмірге кіретін жасөспірімдерге, өзінің мүдделерін, қабілетін және қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықты табысты таңдауға көмектесетін психологиялық-диагностикалық және білім беру іс-шараларының жүйесі. 2020 жылдың 26 ақпанында психологиялық-педагогикалық факультетінің оқытушылары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" КМҚК кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Колледжде 2020 жылғы болашақ түлектер жиналысы кең аудиторияда интерактивті тақтамен ұйымдастырылды. Оқытушылар университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-де оқытудың артықшылықтары, сондай-ақ ҚР "педагог мәртебесі туралы"жаңа Заңының негізгі ережелері туралы ақпарат берді. Колледж студенттерінің назарына университет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер ұсынылды және біздің университет қабырғасында білім алу-жарқын болашаққа жол екенін атап өтті.
2020 жылдың 26 ақпан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында,ұлы ақын Абай құнанбаевтың 175 жылдыңына арналған, «Абай – әлемдік тұлға..» әдеби кеш өтті. Іс-шараға филология департаменті,әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, жаратылыстану–математика факультетінің студенттері қатысты. Мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту. Іс-шараға университет студенттері белсенді қатысып, Абайдың шығармаларын, қазақ және ағылшын, орыс тілдерінде орындады.
2020 ж. 26 ақпанында ИР және КТ кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Г.Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл конференцияға оқытушы «Физика.Информатика» секциясының қазылар алқасы ретінде шақырылды.
Оқытушы университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-да оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Ағымдағы жылдың 26-ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ғылыми-білім беру жобасын іске асыру аясында мемлекеттің Негізгі Заңы мен ҚХА-ның 25-жылдығына арналған, биылғы жылдың мақсатты іс-шарасы – «Біз, Қазақстан халқымыз, ...» атты диалог алаңын өткізді. Іс-шараның атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені біздің Ата Заңымыз дәл осы сөзбен басталады. Кездесу мемлекетте ҚХА құрылған күні мен ҚР-дағы Алғыс айту күні қарсаңында, 1 наурыз күні өтт
25 февраля 2020 года в Областном музее Ыбырая Алтынсарина состоялся круглый стол по обсуждению Закона РК «О статусе педагога». На круглом столе обсуждались вопросы о том, что ожидать педагогической общественности от реализации данного Закона. На встречу с ветераном педагогического труда, обладателем медали Ы. Алтынсарина Сабирой Бермагамбетовной Каировой, директором средней школы №20 им. М. Хакимжановой, Шынболатовой Ханзадой, профессором кафедры педагогики, кандидатом педагогических наук Утегеновой Бибигуль Мазановной, и.о. зав кафедрой педагогики Калиевым Дастаном Дуйсеновичем собрались работники музея, студенты КГПУ им. У. Султангазина, учителя ШОД Дарын, специалисты областного краеведческого музея.
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында, ҚХА-ның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» көрмесінің презентация өтті. Презентация аясында Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының белгілі ғалымдары мен облыстың жоғары оқу орындарының студенттерінің кездесуі өтті (50 шақты адам).
Шет тілі оқу пәні ретінде білім алушылардың жалпы оқу және логикалық іс-қимылдарға, мәселелерді қою және шешу бойынша іс-қимылдарға қабілетін қалыптастыру тұрғысынан үлкен әлеуетке ие. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру үшін оқу іс-әрекетінің түрлері мен нысандарын жетілдіру қажет (пәндік апталықтар, конкурстар, викториналар, ойындар, КТК, мерекелер, жобалық қызмет, рөлдік ойындар және т.б.). Бұл өткен материалды бейнелік ойлау деңгейінде бекітуге мүмкіндік береді.