Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналады…

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында, ҚХА-ның 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» көрмесінің презентация өтті.

Презентация аясында Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының белгілі ғалымдары мен облыстың жоғары оқу орындарының студенттерінің кездесуі өтті (50 шақты адам).

Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жұмыстары, ҚХА туралы ғылыми және ғылыми-танымал басылымдар, оның құрылуы мен қалыптасу тарихы туралы материалдар қойылып, кездесу соңы этномәдени бірлестіктер өкілдерінің әр тілде шырқаған әніне ұласты.

Тұсаукесер барысында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының профессоры В. Г. Вишниченко, ҚХА облыстық ғылыми-сараптау тобының мүшесі, профессор М.Т.Қадырәлиева мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ фундаменталды зерттеулер институтының директоры, з.ғ.к. А. Б. Бекмағамбетов ҚХА мен облыстық ҚХА-ның құрылу, қалыптасу тарихы мен тағайындаулары жайында сөз сөйледі.

24 02 2020a2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналады…