Заңды бірге зерттейміз
- Подробности
- Опубликовано: 26 февраля 2020
Ағымдағы жылдың 26-ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ғылыми-білім беру жобасын іске асыру аясында мемлекеттің Негізгі Заңы мен ҚХА-ның 25-жылдығына арналған, биылғы жылдың мақсатты іс-шарасы – «Біз, Қазақстан халқымыз, ...» атты диалог алаңын өткізді.
Іс-шараның атауы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені біздің Ата Заңымыз дәл осы сөзбен басталады. Кездесу мемлекетте ҚХА құрылған күні мен ҚР-дағы Алғыс айту күні қарсаңында, 1 наурыз күні өтті.
Бұл мерекенің негізінде ұлттардың бір-біріне және сол бір замандардағы қазақ жеріне қоныс аударушыларды қабылдап, бауырына басқан көптеген ұлттардың қазақ халқына айтар алғысы жатыр. Олардың саны да елең етерліктей еді. ХХ ғасырдың өзінде Қазақстанға 5 миллионнан астам адам келді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – университеттің белгілі ғалымдары мен студенттері бірге отырып, Ата Заңымызды терең білу қажеттігі мен ұлтымыздың бірігуін қамтамасыз етуде ҚХА-ның негізгі буыны ретінде біздің көпұлтты ел үшін аса маңыздылығы мен дәл осы тақырыптың өзектілігі жайында ой толғап, тағы бір рет ұғындыру.
Студенттер алдында спикер ретінде Қостанай қаласының Құрметті азаматы, з.ғ.д. С. М. Жалыбин мен Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко сөз сөйледі.
Сергей Михайлович Ата заңымызды негізін солдишылардың бірі, сондықтан студенттер одан мемлекеттің Негізгі заңы қалай жасолғандары және мен оның ерекшелігі туралы толық айтып беруді сұрады.
В. Г. Вишниченко Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының депутаты ретінде Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңды даярлаушылар тобында болып, заңды әзірлеуге және қабылдауға белсенді қатысты.
«Химия» мамандығының І курс студенті Шамитдинов Өгабек, өз баяндамасында білім беру – ҚР Конституциясында көрініс тапқан әлеуметтік институттардың бірі екеніне тоқталды. Биыл оқытушылар мен болашақ мұғалімдер үшін ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануы маңызды оқиға болды. Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ доценті, ф.ғ.к. А. Б. Амантаева баяндамашы Өгабектің ғылыми жетекші болды.
Екінші баяндаманы «Тарих» мамандығының І курс студенті Жағыпаров Сұлтан және оның ғылыми жетекшісі Карбенова З. У. дайындады. Сұлтан өз сөзінде ҚХА құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Қазақстан туралы бірнеше өлең оқыған Наби Тамирис пен Адиятов Ильяс кездесуді жандандыра түсті.