«Community Service» пәнін оқу аясында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері 2020 жылдың 17 ақпанында «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» ММ 7 «А» (кадет) сыныбында «Архимед заңын зерделеу» атты зертханалық жұмысты өткізді. Сабақ өткізу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дың физика-математика пәндері кафедрасының «Физика кабинетіндегі» құралдар қолданылды. Сабақты ұйымдастыру және оқушыларды топтарға бөлу үшін «Молекулалар» сергіту сәті қолданылды. Студенттер ФМД кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Нупирова А.М. және физика мұғалімі Көптілеу М.А. жетекшілігімен жұмыс істеу үшін қолданылатын құралдар туралы айтып, мензурка және динамометр шкаласының бөліну бағасын анықтауға, оқушыларға өлшеу және есептеу жүргізуге көмектесті. Жұмыс соңында оқушылар алдын ала дайындалған парақшадағы кестені толтырды, және өз бетінше қорытынды жасады.
2020 жылдың 13 ақпанында облысымыздың мемлекеттік архивінде республиканың құрметті журналисі, республикалық және облыстық телеқұжатшылар байқауларының лауреаты Гүлжібек Бекмұхамедованың 65 жылдығына арналған жұртшылықпен кездесу өтті. Іс-шара аясында журналистің шығармашылық жолы, оның өмірбаянының ең жарқын сәттері мен белгілі еңбектерінің үзінділері көрсетілді. Кездесуге Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының қауымдастырылған профессоры Валерий Вишниченко қатысып сөз сөйледі.
Көктайғақ пен бұрқасын болғанына қарамастан рекрутинг және мемлекеттік қызмет басқармасы деканаттармен бірлесе отырып, болашақ талапкерлерге ақпарат және кеңес беру бойынша университеттің кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспарын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда..2020 жылдың 12-13 ақпанында Жітіқара және Денисов аудандары мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
2020 жылдың 12 ақпан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында, классик, жазушы М.Мағауиннің 80 жылдық мерей тойына арналған, «М.Мағауин – 80 жаста» әдеби сайыс өтті. Іс-шараға филология департаменті және әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері қатысты.
ҚМПУ-дағы еріктілер қызметінің тарихы өте бай. ЖОО-да «Жылы жүрек» еріктілер орталығы жұмыс істейді, Орталық жалпы университет пен факультеттегі еріктілер әрекетін үйлестіреді.2019-2020 оқу жылында ЖОО-да 19 әлеуметтік еріктілер жобасы жұмыс істейді. Біздің университеттің 76 студенті «Әлеуметтік студенттік несие» бағдарламасына қатысып, нәтижесінде 1 710 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.
2020 жылғы 7 ақпанда студенттер үшін ЖОО-да құрылған «Freespeech» жаңа диалог алаңы өз қызметін бірінші курстардан бастады. Кездесу барысында академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.Мусабекова білім берудегі өзекті мәселелері және басқа да сұрақтар бойынша бірінші курс студенттерімен ашық диалог өткізді. Студенттер әртүрлі жоспарлы сұрақтар қойды. Кіші курс студенттері педагогикалық кадрлардың аймақтарындағы тапшылығы сияқты маңызды мәселелер туралы (олар үшін әлі ерте көрінетін) жылдар бойы ойланып жүретіндігі қатты қуантты.
7 ақпанда «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру апталығы аясында «Менің елімнің болашағындағы менің орным» эссе байқауы қорытындыланды. Оған 1-2 курс студенттері, орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың барлығы – 70 адам. Іс-шара барысында білім беру бағдарламасын және оның жетістіктерін насихаттау мақсатында жалдау науқаны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – белсенді өмір салтымен жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
2020 жылдың ақпан айының басында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебі мен дуальді жобаны іске қосты. Жоба –инклюзивтік алаңда қызметін жүзеге асыратын басқа да мамандандырылған білім беру ұйымдарын қызықтырды. Бүгінгі күні аталған жобаға Қостанай қаласының басқа да мектептері қосылды (№ 21 НМ, № 22 ОМ, № 51 бөбекжай-балабақшасы, Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларға арналған балабақша-мектеп-интернаты Қостанай арнайы кешені, психология-педагогика түзету кабинеті).
Қазақстанның мемлекеттік саясатының бағыттарының бірі - кәсіпкерлік, мемлекет, білім және қоғам арасындағы тұрақты байланысы бар кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін барлық жағдайларды жасауда. Біздің елде жастар кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдау көрсетіледі: бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, салықтық қолдау, бизнес-инкубаторлар мен стартаптар үдеткіштері, үздік идеяларды анықтау және насихаттау үшін түрлі конкурстар және т.б. У.Султанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде студенттік кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыс жасалып жатыр.
2020 жылдың 5 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім беру апталығы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті (К. Сегізбаева, С.К. Арсаева). Шығармашылық жұмыстар конкурсына «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезеңде оқушылар шығармашылықтарын көрсетіп, өз топтарын ұсынды.