2019 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның қонақтары мен сөз сөйлеушілері: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысыбойынша ПҚ БАИ» мектепке дейінгі, бастауышоқыту және тұлғаны тәрбиелеу кафедрасыныңаға оқытушысы, Ионова Светлана Петровна және Қорған облысы, Шадринск қаласы,Шадринск мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатыКаратаева Наталья Александровна сияқты тәжірибелі педагогтар болды.
2019 жылы 10 желтоқсанда қарттарға арналған пансионата жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының (қазақ бөлімі) 2 курс студенттері Sun Vita орталығында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында аға оқытушы Суюндикова Ж.Т жетекшілігімен денсаулық сағаты өткізілді. с шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау. Қарт адамдарға дене белсенділігін сақтау үшін сауықтыруға арналған жаттығулар көрсетілді.
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» аттыкураторлық сағаты
2019 жылдың 10 желтоқсанында сағат 12:30-да 424 дәрісханада «Информатика» және «Информатика, робототехника және жобалау» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан» атты кураторлық сағат өткізілді.
2019 жылдың 10 желтоқсанында Психологиялық-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқу залында «ХХІ ғасыр студенттерінің дағдылары мен құзыреттерін дамытудың тиімді әдістері» атты халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинардың модераторлары Калининградтағы «Болашақ мектебі», Қостанай қаласының №1 мектеп-лицейі, Ө.Сұлтангазин атындағы ҚМПУ-дің педагогика кафедрасы болды.
Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында өткізілетін "5 жаңа тұлға" облыстық конкурсының қорытындысы Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концертте жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты департаменті. Байқаудың мақсаты - ғылым, спорт, мәдениет, қоғам мен инновацияның дамуына ықпал ету. Студенттердің, оқытушылардың, магистранттардың және қызметкерлердің шынайы тарихы негізінде табысты, бәсекеге қабілетті идеяларды алға жылжыту. Байқау 5 номинация бойынша өткізілді: спорт, ғылым, мәдениет, қоғам және инновация.
2019 жылдың 7 желтоқсанында Жастар Сарайында «Үздік ерікті 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Үздік ерікті 2019» атағын психология-педагогикалық факультеттің педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна иеленді. Асия Кыкпаевна 4 жыл бойы әлеуметтік еріктілік қызметпен айналысады, «Қарлығаш – балалардың бейімделуі мен әлеуметтенуі мектебі» студенттік инновациялық жобасының жетекшісі. Бұл жобаның мақсаты жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың бейімделуіне және әлеуметтенуіне жағдай жасау болып табылады.
7 желтоқсанда Информатика мамандығының 4 курс студенті Сәбит Зере Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Трансформацияның Қазақстандық үлгісі: әлеуметтік-саяси контексті» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны Философия және психология факультетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасыұйымдастырған.
2019 жылдың 6 желтоқсанында университетіміздің базасында «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушы – «Педагогикалық шеберлік орталығы» Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Қостанай қаласындағы филиалы және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасы.
2019 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Қазақстан менің Отаным» атты V Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Сабыржан Нұрсұлтан «Жошы ұлысы және Алтын Орданың дүниежүзілік мәдениетте алатын орны» секциясы бойынша III орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұжымы Нұрсұлтанды ғылым жолындағы жетістіктерімен құттықтайды.
2019 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы базасында «Қазақстан менің отаным» атты V Республикалық студенттік конференция өтті.Аталмыш конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш.Уалиханов атындағы ҚМУ Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің және Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты.