Жеңіспен құттықтаймыз

7 желтоқсанда Информатика мамандығының 4 курс студенті Сәбит Зере Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Трансформацияның Қазақстандық үлгісі: әлеуметтік-саяси контексті» атты XI халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны Философия және психология факультетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасыұйымдастырған.

Сәбит Зере конференцияның пленарлық отырыстарында «Білім беру саласын цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету әдістемесін әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент З. Ерсултанова)және  конференцияның секциялық отырысында да баяндама жасады.

Студенттер, магистранттар және докторанттардың халықаралық ғылыми жұмыстары конкурсының нәтижелері бойынша Сәбит Зере алқалы екінші орынды иеленді.

2-ші дәрежелі дипломды Зереге университеттің  ғылым және технология бойынша инновациялар жөніндегі проректоры Е.М.Тажбаев табыстады.
Информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасы ұжымы Зерені ғылыми жұмысындағы үлкен жетістіктерімен құттықтайды және алдағы уақытта да жетістіктер тілейді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз