Облыстық "5 жаңа тұлға" конкурсының жеңімпазы
- Подробности
- Опубликовано: 09 декабря 2019
Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында өткізілетін "5 жаңа тұлға" облыстық конкурсының қорытындысы Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концертте жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты департаменті. Байқаудың мақсаты - ғылым, спорт, мәдениет, қоғам мен инновацияның дамуына ықпал ету.
Студенттердің, оқытушылардың, магистранттардың және қызметкерлердің шынайы тарихы негізінде табысты, бәсекеге қабілетті идеяларды алға жылжыту. Байқау 5 номинация бойынша өткізілді: спорт, ғылым, мәдениет, қоғам және инновация.
Өнер кафедрасының аға оқытушысы Ордашева Мирамгуль Жонысбековна "Мәдениет" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Екінші жыл қатарынан кафедра оқытушылары осы байқауда жүлделі орындарға ие болып келеді. Осылайша, 2018 жылы жеңімпаз Амирхамзин Н.К. болды. Сонымен қатар, осы 2019 жылы Мирамгуль Жонысбековна жетекшілігімен ғылыми жұмыс дайындаған студенттер ҚР БҒМ Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздары болды.
Кафедра ұжымы Мирамгуль Жонысбековнаға шығармашылық табыс тілейді!