Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2019
2019 жылдың 6 желтоқсанында университетіміздің базасында «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
Конференцияны ұйымдастырушы – «Педагогикалық шеберлік орталығы» Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының Қостанай қаласындағы филиалы және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасы.
Конференция қазақстандық мектептердегі жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде Сабақты зерттеу идеяларын іске асыру бойынша педагогтардың озық тәжірибесін жалпылау мен таратуға арналды.
150-ден астам іс-шараға қатысушы мектеп мұғалімдері конференция жұмысы барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Бірнеше диаологтық алаң ұйымдастырылып, онда практикум арқылы (Өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, Зерттеудің бағдарлық QR-картасы) педагогтар белсенді форматта оқу сабақтарындағы зерттеу тәжірибесі бойынша атқарылған жұмыстарымен бөлісті.
Постерлік презентациялар форматы педагогтарға Сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді. Конференция жұмысының нәтижесі бойынша қатысушылар рефлексивті экранды толтырып, шығармашылық алаңдарға қатысу туралы өз тұжырымдарымен бөлісті, кәсіби даму үшін ненің бағалы болғанын және Педагогикалық шеберлік орталығы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ тарапынан әдістемелік қолдауды талап ететін аса маңызды мәселелерді атап өтті.