2019 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ө. Сұлтангазин атындағы ҚМПУ профессоры В. Вишниченко А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге 150 студент қатысты. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі, сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық беделге ие болған бастамалары талқыланды.
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қосымша білім беру департаменті 2019 жылғы 28-29 қараша аралығында профессор-педагогикалық құрам үшін "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Соңғы уақытта біздің көпшілігіміз "Инклюзивті білім беру"деген сөз тіркесін жиі естиміз. Бірақ бәрі нені білдіретінін білмейді. Инклюзивтің бірнеше мағынасы бар, соның ішінде-дені сау балалар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды бірлесіп оқыту. Бүгінде Қазақстанда мұндай оқыту мүмкін. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді енгізу жазылған.
28 ноября на социально-гуманитарном факультете прошел ежегодный традиционный чемпионат по футболу среди студентов 1-4 курсов, посвященный празднованию Дня Первого Президента РК. В чемпионате участвовало 7 команд: «ФК Polus», «Торпедо», «Орел», «Kostacity», «Боруссия», «Ливерпуль», «Зенит». Среди команд играли также и преподаватели социально-гуманитарного факультета. Команды боролись за звание победителя чемпионата и обладателя кубка Чемпиона СГФ по круговой системе, когда каждая команда играла со всеми остальными, где каждая команда имела шанс на победу.
2019 жылғы 28 қарашада ҚМПУ физика-математикалық пәндер кафедрасында «Мейірімділік пен төзімділік күні» тақырыбында кураторлық сағат өтті. «5В010900 Математика» мамандығының 4 курс студенттері мейірімділік туралы қысқаша бейнеролик көрсетіп, Виктория Муфахарова мейірімділік дәрежесі бойынша шағын тесті өткізді. Студенттер қатысушыларға және бір-біріне алғыстарын білдіріп, оқытушыларға тілектер жазды. Егер мыңдаған қазақстандықтар бір күнде, бір уақытта жақсы істер жасаса, бұл біздің халқымызды бірліктерін білдіреді және еліміз үшін өте маңызды екенін - кураторлық сағатқа қатысушыларға белгілі болды.
28 қараша күні Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні аясында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты ашық дәріс өткізілді. Дәріске Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, Қазақстанның Еңбек ері Сайран Бұқанов, т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы және 1 курс студенттері қатысты. Қазақстанның Еңбек ері Сайран Бұқанов егемен елдің қалыптасу және даму тарихынан сыр ақтарып, келелі әңгіме өрбітті.
2019 жылдың 27 қараша күні ақпараттық – кітапхана орталығының оқу залында ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараға ақын Серікбай Оспанов, Қостанай қаласындағы № 115 орта мектепбінің 7-сынып оқушылары, педагогика–психология факультетінің 2 курс студенттері қатысты.
019 жылғы 24 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің бастамасымен мерейтойларын атап өткен соғыс ардагері, 95 жасқа толған мемлекеттік қызмет ардагері Д. Я. Брусникті және ұзақ жылдар бойы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының (кейіннен университет) кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарған еңбек ардагері Т. И. Давыденконы ресми түрде құттықтады. Салтанатты марапаттау облыстық украиндар қоғамының қамқорлығымен және кітапхана қызметкерлерінің тікелей ұйымдастырылуымен өтті.
2019 жылдың 13 және 22 қарашасы аралығында «Психология» және «Педагогика және психология» мамандықтарының қазақ және орыс бөлімдерінің 2-курс студенттері «Психология және дефектология» кафедрасының оқытушылары Ш.С.Демисенованың және З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Педагогика және психология», «Дефектология», «Психология», «Мектепке дейінгі білім және тәрбие», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Физика», «Математика», «Тарих», «Бейнелеу өнері» және «Музыкалық білім» мамандықтарының 1-і және 2-і курс студенттері үшін Халықаралық төзімділік күніне арналған тренинг өткізді.
Ынтымақтастық туралы шарт пен «Сервистік оқыту» пәнінің жобасы аясында ағымдағы семестр бойы «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс студенттері мен «Психология» мамандығының 2 курс студенттері Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Ю.Б.Григорованың, О.В.Калиниченконың, З.Д.Ахметбекованың жетекшілік етуімен «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК оқушылары арасында адамның өзіне-өзі қол жұмсауына, білім алу ісіне бейімделу деңгейіне, жетістікке жетуге және сәтсіздіктен құтылуға деген уәждің даму деңгейіне диагностикалық зерттеу жүргізді.
2019-2023 жылдарға арналған студенттерді тарту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы Ақмола облысы мектептерінің түлектерімен кездесулер өткізеді. 2019 жылыдың 19-20 қарашасында Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасы маманы А.К.Байкин Ақмола облысы Атбасар ауданының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектеп түлектеріне ҰБТ тапсыру және университетке түсу ережелері түсіндірілді.