Ағымдағы жылдың 30 казанында Сұлтанғазин университетінің 1 қабатында «Nur Otan» партиясы жүзеге асырып отырған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясының ашылу салтанаты өтті. Акцияның негізі мақсаты Ұлттық туды кеңінен насихаттау және қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стереотипін жою. Мемлекеттік туымыздың әр қоғамдық орындарда, туристтік объектілерде, сауда орталықтарында, орта және жоғары оқу орындарында ілініп тұруы, жүрекке патриоттық сезім ұялатады.
2019 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің қазақстандық қоғамның ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту аясындағы жұмысы туралы айтылды. Форумның қонақтары мен спикерлері ҚР Парламентінің депутаттары, олардың Мәскеу, Барнаул, Қырғызстан, Үндістан, Тәжікстандағы қонақтары, ҚХА мүшелері, ғылыми-сараптамалық кеңес және этномәдени бірлестіктер, өңірлердегі ғылыми-сараптамалық топтар мен жоғарғы оқу орындарындағы ҚХА кафедралар, белгілі қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшылары болды.
"Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері Сапи Гүлзат пен Жуматаева Линара ғылыми жұмыстар мен жобалар республикалық байқауының 2 дәрежелі дипломдарына ие болды – 2019 ж. Ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қостанай қ. мысалында ислам сәулетіндегі дәстүрлер мен заманауи үрдістер боыйнша Қалалық мешіттің сыртқы дизайны». 30 қазанда 2019 ж. ректор Еркін Аманжолұлы студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан диплом тапсырды.
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысының нәтижесі бойынша «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Стадник Кристина үшінші орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі - филология ғылымдарының кандидаты, филология департаментінің қауымдастырылған профессоры К.Қ.Сегізбаева. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Болжалды-бағалау зат есімдері». Стадник Кристинаның зерттеу жұмысы тіл мәдениеті аспектісінде жүргізілді, сипаттау объектісі бағалау лексикасының тіл мен мәдениеттің интеграциялық бірлігі, тілдік дүниетаным бірлігі ретінде бағалау лексикасы болып табылады.
2019 жылдың 29-30 қазан аралығында Қостанай қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырыс бағдарламасында студенттермен кездесулер, қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстел форматындағы кездесулер, БАҚ үшін брифинг, облыстық Аналар кеңесінің қызметінің көрмелері, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы жоспарланған.
2019 жылдың 29 қазаны күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттірі арасында Педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бакытжановнаның ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырай ізімен» атты интеллектуалды квест өткізілді. Интеллектуалды квест барысында студенттер 2 топқа бөлінді: 1 станция. «Кім тапқыр?» Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 29 қазанында психология-педагогика факультетінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттерді оқулықтармен таныстыру, студенттерге үздік әлемдік үлгілермен оқуға мүмкіндік беру, сондай-ақ жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және білім деңгейін арттыруға ықпал ету. PhD докторы Ташетов А.А. "Ұйымдық мінез-құлық негіздері" Ст. Роббинс, Т. Джадж., "Қазіргі психология тарихы" Шульц Д., Шульц С. Э., психологиядағы қызықты мазмұны мен жаңа көзқарастарды атап өтті.
Қазіргі таңда жастар жанашырына айналып, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие, дұрыс бағдар беріп, елге, ана тілге, әке мен анаға деген махаббатын оятып жүрген, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері, Еуропа-Азия матчтық кезеңінің жеңімпазы Ардақ Назаров ағамыз қазанның 28-ші жұлдызы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында студенттермен кездесу өткізді. Алматы қаласынан келген қонақты 500-ге жуық студенттер мен ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен, зейін салып тыңдады.
2019 жылы 7 қыркүйекте "Денсаулық фестивалі - 2019" өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері спорттық жарыста жеңімпаз атанды : Сарсекеева Зарина-II орын (800м), Шишкина Виктория-III орын (секіру). 2011 жылдың 12 қыркүйегінде ҚР спорт шебері, КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Виктор Антимоновты еске алуға арналған қалалық жарыстар өтті.: Жамаров Диас-I орын(800м), Новиченко Владимир-І орын(800м), Кинебаева Лаура-ІІ орын (400м), Сарсекеева Зарина-III орын(400м).
2019 жылдың 27 қазанда Нұр-сұлтан қаласында "Золотая россыпь "ІІ Халықаралық көпжанрлы конкурс-фестивалі өтті. Фестиваль-байқауын ұйымдастырушысы "Ассоциация Қазақстан әйелдері" ҚҚ, "Орыс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі, Қазақстандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы, Россотрудничество", Қазақстанның Art Dance би порталы. Байқау-фестивальдің мақсаты-әр халықтың ұлттық мәдени мұрасына орындау арқылы қатысушылардың шығармашылық өнерін дамыту, ұжымдар мен орындаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.