«Ыбырай ізімен» интеллектуалды квест
- Подробности
- Опубликовано: 29 октября 2019
2019 жылдың 29 қазаны күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттірі арасында Педагогика кафедрасының аға оқытушы, педагогикалық ғылымдар магистрі Хамзина Гүлшат Бакытжановнаның ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырай ізімен» атты интеллектуалды квест өткізілді.
Интеллектуалды квест барысында студенттер 2 топқа бөлінді:
1 станция. «Кім тапқыр?»
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар.
Ойынның шарты: Әр топ 5 сұраққа дұрыс жауап беру арқылы квесттің келесі станциясына жолдама алады.
2-станция. «Мен арнаймын өлеңді»
Ойынның шарты:
- Ы.Алтынсарин туралы 2 шумақ өлең шығару
- Ы.Алтынсарин туралы баяндама жасау
3-станция. «Актерлік шеберлік»
Ойынның шарты: Студенттер екі топқа бөлініп Ы.Алтынсарин әңгімесінен көрініс көрсетеді. Дайындыққа 5 минут беріледі.
- 1- топ «Жаман жолдас»
- 2- топ «Мейрімді бала»
Әр кезең бойынша топ студенттері өздерінің дарындылықтарын өлең шығару, көрініс көрсетуде актерлік шеберліктерін жоғары дәрежеде ұйымшылдықпен көрсете білді.
Интеллектуалды квестің мақсаты қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырғанын зерттеп, талдауда белсенділік танытты.