"Золотая россыпь" халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты-Сайлау Әлия

2019 жылдың 27 қазанда Нұр-сұлтан қаласында "Золотая россыпь "ІІ Халықаралық көпжанрлы конкурс-фестивалі өтті. Фестиваль-байқауын ұйымдастырушысы "Ассоциация Қазақстан әйелдері" ҚҚ, "Орыс мәдени орталығы" қоғамдық бірлестігі, Қазақстандағы Ресей Ғылым және мәдениет орталығы, Россотрудничество", Қазақстанның Art Dance би порталы. Байқау-фестивальдің мақсаты-әр халықтың ұлттық мәдени мұрасына орындау арқылы қатысушылардың шығармашылық өнерін дамыту, ұжымдар мен орындаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Байқау-фестивальінің міндеттері:

  • Балалар мен жастардың шығармашылық қарым-қатынасына жағдай жасау, шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушы жетістіктерін таныстыру, таланты жас орындаушыларды анықтау және қолдау.
  • Шығармашылық жетістіктермен алмасу, түрлі елдер мен қалалардан ұжымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту.
  •  Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын насихаттау. Одан әрі сабақтарға және дамуға мотивация беру.
  • Балалар арасында қуаныш пен жағымды эмоциялар құру.
  • Отбасындағы отбасылық дәстүр мен бірлескен шығармашылықты дамыту.

"Музыкалық білім" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Сайлау Әлия конкурстың Дипломант атағына ие болды (1 орын) және "Құрманғазының кішкентай" күйін жоғары деңгейде орындаудағы "Кәсіптілігі үшін" грамотасымен марапатталды. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті "Золотая россыпь" халықаралық конкурс-фестивалінің лауреаты-Сайлау Әлия