2019 жылығы 20 қарашада «Топырақтану негіздеріндегі тәжірибелік биология» пәні бойынша (аға оқытушы – М. М. Рулёва) "5В011300-Биология" білім беру бағдарламасының 4 курс көптілділік бөлімінің студернттерімен ашық сабақ өтті. Сабақ тақырыбы: Қостанай облысы аудандарының топырағын зерттеу және олардың жарамдылығын бағалау. Жобаны қорғау. 10 апта созылған уақыт ішінде студенттер зерттеу жобаларын орындады, жоба барысында студенттер өздері тұратын ауданнан алынған топырақ үлгілеріне зерттеу жүргізу үшін, бірқатар әдістемелерді игеріп, оның нәтижесінде олар топырақтың механикалық, физикалық және химиялық қасиеттерін анықтап және жер пайдаланушыларға бірқатар ұсыныстар беруі қажет болды. Оқытушы әзірлеген өлшемдер мен дескрипторлар бойынша жобаларды студенттердің өздері бағалады. Сарапшылардың жұмысыда арнайы өлшемдер бойынша бағаланды.
20.11.2019. Пушкин атындағы кітапханада Қостанай қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас мамандары Мадиярова Қарлығаш Хамзановна мен Жұмасаева Зинагул Сағындықовнаның ұйымдастыруымен «Жаңа емле – жаңа дәуір» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Қостанай облысы білім беру мекемелерінің латын графикалы жаңа әліпбиге көшу жайы, оны оқытудың өзекті мәселелері туралы проблемалар көтерілді.
2019 жылдың 20 қарашасында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі қазақтың ғалым-археологы, шығыстанушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, өнертанушы Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына арналған «Марғұланның шығармашылық мұрасы» әдеби-тарихи кешін өткізді. Шара бірінші Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Сұлтанғазин университетінің жатақхана студенттеріне 19 қараша күні өткен «Караоке кеші» керемет көңіл күй сыйлады. Ән сайысында жатақхана тұрғындарынан құралған 5 топ өнерін ортаға салды. Құрамы 5 студенттен тұратын «Король и Шут», «Passion», «Элита», «Студенттік Парламент» және «ДеФФченки» топтары 4 кезеңде бақ сынады. 1-ші кезең: қатысушылар караоке айтып отырып берілген тапсырманы орындау, 2-ші кезең «Құлаққап караоке», яғни қатысушылар құлаққап киіп, сол әнды жанды дауыста орындау, 3-ші кезең топтық сайыс, 4-ші «Әуенді тап» кезеңінде қатысушылар жасырылған ән мен әншіні табу керек болды.
2019 жылдың 16 қарашасында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова мен ҚХА кафедрасының профессоры З. У. Карбенова QOSTANAI телеарнасы «Тобыл таңы» бағдарламасының «Татулықты ту еткен» айдарында қазіргі замандағы толеранттылық, интолерантылық және оның мәні туралы ой түйді. Аталған кездесу Халықаралық толеранттылық күні қарсаңында өтті. Осы аталған халықаралық күні ЮНЕСКО-ның «Толеранттылық қағидаларының декларациясы» салтанатты түрде жарияланды. 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші бас конференциясында декларация бекітілді.
2019 жылы 15 қарашада "География" және "Химия" мамандықтары бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері этносаралық қатынастарды нығайту және қолдау мақсатында Қостанай облысының жоғары оқу орындары арасында "Zamannyn zerdeli jastary" Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Байқаудың бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жаратылыстану ғылымдары кафедрасы студенттерінің келесі ғылыми жобалары екінші кезеңге өтті:"(Ұлтаралық құрмет – Қазақстанның гүлденуінің кепілі", "Ақтөбе облысының туристік маршруттарын әзірлеу", "Жаңа Жібек Жолы аясындағы іскерлік туризмді дамыту", "Серпін-2050 "студентінің әлеуметтік – демографиялық портреті", (педагогикалық білім магистрі Г. К. Баубекованың, география магистрі К. И. Омарованың жетекшілік етуімен).
15 қараша күні СҚМУ-да М.Қозыбаев «Қозыбаев оқулары-2019: рухани жаңғырту және қазіргі әлемдегі ғылыми-білім беру кеңістігінің даму үрдістері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара басталар алдында қатысушылар мен қонақтар академик Манаш Қозыбаевтың мүсініне гүл шоқтарын қойып, оның ғылыми мұрасына құрмет көрсетті. Ол тарихи сананың жаңа тұжырымдамасын жасап, тарихты қайта қарап, кеңестік догматиканың призмасы жоқ, бұрын белгісіз құжаттарды ашты. Оның еңбектері бағалау мен объективтілігімен ерекшеленеді.
2019 жылғы 15 қарашада «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына барды. Бұл іс-шара Ашық есік күні аясында өткізілді, Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды. Студенттердің назарына ұлттық валютаның қағаз және монета түріндегі экспозициялар ұсынылды, оның шығарылу тарихы баяндалды, Қазақстандағы ақша-кредит саясатының қазіргі беталыстары түсіндірілді. Банк өнімдері, тұрғын үй ипотекасын қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылуы, сертификатталған тазартылған алтын құймалары, 7-20-25 бағдарламасындағы екінші деңгейлі банктердің қатысу туралы, қаржылық сауаттылық негіздері және басқа да мәселелер туралы бөлек ақпарат берілді.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Қостанай қаласындағы Жастар сарайында облыстың жас архивистердің форумы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас архивистердің өскелең әлеуетін дәріптеу, архив ісін жандандыру бойынша тың идеялармен алмасу, болашаққа жұмыс жоспарын белгілеу. Форумның бастамашылары Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасымен облыстың мемлекеттік архиві болды. Осылардың қатарында архив жұмысын жетілдіру және жас архивистердің қызметін жандандыру туралы өз көзқарасын ұсынған жас архивистер де болды. Форумға белгілі зерттеуші ғалымдар, архив қызметінің ардагерлері, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты
2019 жылдың қазан айының 15-ші жұлдызында Сұлтанғазин университеті акт залында, Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, өнерліні жағалап, талай таланттың жұлдызын жаққан «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Университет қызметкері, ұстаз бен студент жұп болып бақ сынаған айтулы ән байқауы 17 ші қараша - Халықаралық студенттер күніне арналған болатын. Университетіміздің академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мусабекова Гульвира Айдарханқызы «Халықаралық студенттер күнімен» барлық білімгерлерді құттықтап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.