Толеранттылық: қажеттілік әлде ...
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2019
2019 жылдың 16 қарашасында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова мен ҚХА кафедрасының профессоры З. У. Карбенова QOSTANAI телеарнасы «Тобыл таңы» бағдарламасының «Татулықты ту еткен» айдарында қазіргі замандағы толеранттылық, интолерантылық және оның мәні туралы ой түйді.
Аталған кездесу Халықаралық толеранттылық күні қарсаңында өтті. Осы аталған халықаралық күні ЮНЕСКО-ның «Толеранттылық қағидаларының декларациясы» салтанатты түрде жарияланды. 1995 жылы ЮНЕСКО-ның 28-ші бас конференциясында декларация бекітілді.
Бағдарлама жүргізушілермен сұхбат педагогикалық университетіндегі ҚХА кафедрасының құрылу мақсаты мен қызметінің негізгі бағыттарын ашу және кафедраның презентациясынан басталды. Кейінірек әңгіме төзімділік мәселелерін, осы ұғымның мазмұнын және оның қазіргі әлемдегі рөлін зерттеу бойынша өрбіді.
О. Н. Евдокимова: «Төзімділік – қазіргі әлемдегі маңызды сапа. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында мемлекеттің және әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігі жайында айтады. Біз, ЖОО педагогтары, толерантты өзара әрекеттестіктің қалыптасқан дағдылары – жас маманның бәсекеге қабілеттілігінің негізі деп есептейміз. Әрбір адам, өз ісінің маманы шексіз қарым-қатынас жасай білуі тиіс» деп ой түйді.
ҚХА кафедрасының профессоры З. У. Карбенова өз сөзінде қазіргі әлемде толерантты болу, бір-біріне шыдамды болу қаншалықты маңызды екенін атап өтіп, отбасындағы толеранттылыққа тәрбиелеу мен жас жұбайлар арасында,ата-ана мен бала арасында өзара толерантты әрекет жасау қажеттігіне баса назар аударды.
З. У. Карбенова: «Қазақстан өзінің толеранттылығымен мақтана алады, өйткені біздің елімізде 130-дан астам ұлт достықта, келісімде және өзара түсіністікте өмір сүреді. Сондықтан да біз осы мінбеден еліміздің барлық тұрғындарына түрлі мәдениетке, конфессияларға, түрлі ұлт өкілдеріне төзімді болуға үндейміз. Өйткені Қазақстан – бұл біздің ортақ үйіміз, біз үйімізде бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек", - деп кездесуді қорытындылады.
Төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирді көруге болады: http://kostanaytv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/kst_tobyl-tany/1043611