Ұлттық валюта күні

 

2019 жылғы 15 қарашада «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына барды. Бұл іс-шара Ашық есік күні аясында өткізілді, Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылды.

Студенттердің назарына ұлттық валютаның қағаз және монета түріндегі экспозициялар ұсынылды, оның шығарылу тарихы баяндалды, Қазақстандағы ақша-кредит саясатының қазіргі беталыстары түсіндірілді. Банк өнімдері, тұрғын үй ипотекасын қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылуы, сертификатталған тазартылған алтын құймалары, 7-20-25 бағдарламасындағы екінші деңгейлі банктердің қатысу туралы, қаржылық сауаттылық негіздері және басқа да мәселелер туралы бөлек ақпарат берілді.

Ұлттық банктің Қостанай филиалы қызметкерлерімен: экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Ахметжанова Дина, қолма-қол ақшамен жұмыс жасау департаменті басшысының орынбасары Жаулыбаев Нұрлан, жетекші маман Каирова Менсулу мейірімді қарым-қатынас арқылы мекеме қонақтарына барынша жайлы жағдай жасалды.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің атынан керемет іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін филиал ұжымына алғыс айтамыз және баршамыздың ортақ мерекеміз – қазақстандық ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!

15 11 2019 2

15 11 2019 3

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз