2019 жылғы 14 қарашада ҚМПУ физика-математикалық пәндер кафедрасында Ұлттық валюта күніне арналған «Теңге қалай дамыды және өзгерді» атты кураторлық сағат өтті. «5В010900 Математика» мамандығының 4 курс студенттері видеоролик көрсетіп, теңгенің пайда болуы мен даму тарихы туралы әңгімеледі.
Филология департаментінің 2 курс студенттері 13 қараша күні «Эко-қала» бағыты бойынша экскурсияға барды. «Шаруа», «Атамекен», «Тазалық», «Медициналық қалдықтарды қайта өңдеу» мекемелерінде болды. «Сервистік оқыту» пәні бойынша бұл экскурсияға 31 студент қатысты. Экскурсияның ең кереметі - қаламыздағы көп адам біле бермейтін, бірақ пайдасы өте көп орындарды көруі болды. Экскурсия арқылы қоғам өмірінде, жалпы қала өмірінде жоғарыда аталып өткен мекемелердің маңызының өте жоғары дәрежеде екенін қатысушылар білді.
2019 жылы 12 қарашада филология департаментінің жетекшісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы мен «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Кинжибаева Айгуль Серикпаевна Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде өткен РОӘК ОӘБ-нің «Тілдер мен әдебиет мұғалімдерін даярлау» атты кеңейтілген отырысына қатысты.
2019 жылы 11 қарашада «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің (куратор Т.Р.Пчелкина) физика-математика ғылымдарының кандидаты, өлеңдердің авторы Б.Н. Демисеновпен шығармашылық кездесуі өтті. Кездесу барысында Б.Н. Демисенов өзінің өлеңдерімен таныстырып, поэзияға деген қызығушылығының тарихын айтып өтті. Қатысушылар ақындық шығармашылықтың басталуы, сүйікті авторлары, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойылды.
2019 жылдың 8 қарашасында өнер кафедрасының оқытушылары онлайн форматта Челябинск мемлекеттік мәдениет институты өткізетін "XXI ғасырдың ғылым және мәдениетіндегі Жастар ғылыми мектептері" атты XVIII Халықаралық ғылыми-шығармашылық форумға қатысты. Форум ғылыми мектептерді қалыптастыру және ұсыну үшін алаң болды.Форумның міндеттері жұмыстың келесі бағыттарында көрсетілген: отандық және шетелдік ғылыми мектептерді белгілеу және таныстыру; ғылыми идеяларды насихаттау; идеялармен алмасу және оларды сынақтан өткізу; зерттеу трендтерін бекіту; тиімді ұлтаралық ғылыми байланыстарды жинақтау және осы негізде кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру; мәдениетаралық диалог кеңістігін кеңейту; адами капиталды ұстанымдау; әлеуметтік-мәдени саладағы мәдениетаралық ынтымақтастық жобаларын бастамашылық ету.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында 30.09.2019 - 08.11.2019 аралығында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастыруымен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінде «6 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 5-7 қараша аралығында п.ғ. к., психология және дефектология кафедрасының доценті Ш. С. Демисенова, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Г. К. Баубекова профессор-оқытушылар құрамымен «Жұмыс оқу бағдарламаларының сапасын жетілдіру (Syllabus)» атты семинар-тренингті өткізді.
2019 жылдың 7 қарашасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің - "Кәсіптік оқыту" мамандығының 2-курс студенттері информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Әлия Батырханқызы Шалгимбекованың жетекшілігімен "Техника және еңбек бойынша сыныптан тыс жұмыс" пәні аясында қалалық техникалық шығармашылық мектебінде экскурсия өткізілді. Экскурсияны директордың орынбасары Зубко Наталья Николаевна өткізді.
2019 жылдың 6 қараша күні ақпараттық кітапхана орталығында ақын, журналист Байтұрсын Ілиястың 80 жылдық мерей тойына арналған «Қазақтың бір туар азаматы» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға (Байтұрсын Ілиястың келіні) Айсұлу Ілиясова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, филология, педагогика және психология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты. «Қазақтың бір туар азаматы» атты көрме ұйымдастырылды.
«Химиктер сүттің пайдасы туралы» кураторлық сағаты төртінші және бірінші курс химия студенттерін біріктірді (кураторлар О.М. Чернявская және М. А. Губенко). Іс-шара тамақ химиясы бойынша жобалық тапсырма СӨЖ түрінде жоспарланған (қауым.проф. Важева Н.В.). Іс-шара барысында сүт - тағамдық өнім ретінде, адам ағзасына пайдалы заттары бар күрделі физика-химиялық жүйе ретінде талқыланды. Молдашева Жанель сүттің құрамы және оның тағамдық құндылығы туралы қызықты және мазмұнды презентация дайындады.