Шығармашылық атмосферасында
- Подробности
- Опубликовано: 07 ноября 2019
2019 жылдың 7 қарашасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің - "Кәсіптік оқыту" мамандығының 2-курс студенттері информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Әлия Батырханқызы Шалгимбекованың жетекшілігімен "Техника және еңбек бойынша сыныптан тыс жұмыс" пәні аясында қалалық техникалық шығармашылық мектебінде экскурсия өткізілді. Экскурсияны директордың орынбасары Зубко Наталья Николаевна өткізді. Ол мектептің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, балалардың шығармашылық қызметіндегі жетістіктері туралы айтты.
Балалар мектепке тек қана білім алып қана қоймай, сонымен қатар, құрдастарымен қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу сияқты ептілік пен дағдыны дамытуға келеді. Мектепте 400-ден астам оқушы айналысады. Бұл мектептің оқытушылары өз ісінің нағыз кәсіпқойы болып табылады, олардың көздерінде өз ісіне және әрине, балаларға деген махаббат көрінеді. Балалар авиамоделизм, кемемоделизм, трассалық автомоделизм, кордтық автомоделизм, робототехника үйірмелерімен айналысады. Балалар үшін дайындық секциясы бар, онда олар техникалық шығармашылық негіздерін үйренеді: лобзиктермен жұмыс, ЗD-модельдерді құрастыру, макеттеу және т.б.
Үйірмелер орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі, бұл біздің қаламыздың және облыстың барлық балаларына шығармашылықты үйренуге үлкен мүмкіндік береді. Мектепте техникалық шығармашылық пен спорттың техникалық түрлері арқылы балалардың өзін - өзі танытуға және өзін-өзі жетілдіруге деген білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту үшін барлық жағдай жасалған. Студенттер креативтілік пен әрі қарай ынтымақтастыққа үлкен мүмкіндік алды .