Семинар-тренингі «Жұмыс оқу бағдарламаларының сапасын жетілдіру (Syllabus)»
- Подробности
- Опубликовано: 07 ноября 2019
Ө.Сұлтанғазин атындағы университетінде «6 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 5-7 қараша аралығында п.ғ. к., психология және дефектология кафедрасының доценті Ш. С. Демисенова, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Г. К. Баубекова профессор-оқытушылар құрамымен «Жұмыс оқу бағдарламаларының сапасын жетілдіру (Syllabus)» атты семинар-тренингті өткізді. Семинар барысында силлабустың құрылымдық элементіне ілесе жүретін студентоорталықтанған оқыту моделі, әдістемелік өзгерістер талқыланды. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен әзірленген СӨЖ, СӨОЖ бойынша тапсырмаларды, оқу нәтижелерін әзірлеу, мақсаттарды қалыптастыруға байланысты сұрақтар ерекше талқыланды.