«Химиктер сүттің пайдасы туралы»
- Подробности
- Опубликовано: 06 ноября 2019
«Химиктер сүттің пайдасы туралы» кураторлық сағаты төртінші және бірінші курс химия студенттерін біріктірді (кураторлар О.М. Чернявская және М. А. Губенко). Іс-шара тамақ химиясы бойынша жобалық тапсырма СӨЖ түрінде жоспарланған (қауым.проф. Важева Н.В.).
Іс-шара барысында сүт - тағамдық өнім ретінде, адам ағзасына пайдалы заттары бар күрделі физика-химиялық жүйе ретінде талқыланды.
Молдашева Жанель сүттің құрамы және оның тағамдық құндылығы туралы қызықты және мазмұнды презентация дайындады. Сүт құрамында 120 түрлі ингредиенттер бар! Сүт ақуыздарының құрамында барлық қажетті аминқышқылдары бар. Негізгі ақуыз, казеин - күрделі ақуыз фосфопротеиндерге жатады және кальций тұзы түрінде болады, ал кальций мен фосфор сүйектің нық болуына қажет.
Ережепов Ержан мен Жиенбаев Тоқтасын сүт құрамында ақуыз, көмірсу, дәрумен және басқа ингредиенттердің бар екенін анықтайтын эксперименттер өткізді.
Қорытындыласақ, сүт – табиғи, құнарлы, пайдалы және қол жетімді өнім!