2019 жылдың 26 қазанында Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы «Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану» жобасы шеңберінде медиация мәселелері бойынша өңіраралық форум өткізді. Форумға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, судьялар, мемлекеттік қызмет өкілдері, Қарағанды, Петропавл, Өскемен және Қостанай облыстарының педагогтары келді.
2019 жылы 24 қазан күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру аясында «Химия» және «Биология» мамандығының 1, 3 курс студенттері мен оқытушылар Ж. Т. Сүйіндікова мен Э. А. Ардакованың ұйымдастыруымен «Антропология тарихы мен теориясы» атты Алан Барнардтың және Ли Энн пек, Гай С. Рилдың «Медиа этика. Жас мамандар тәжірибесінен» атты кітабының тұсаукесері өтті.
2019 жылы 23 қазанда ЖОО студенттері үшін ҚХА кафедрасында «Жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасы аясында «Рухани Жаңғыру» мақаласының негізгі міндеттерінің 5 бөлігі бойынша ақпараттық керуеннің білім беру курстары ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова студенттерге Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін еске салды.
2019 жылдың 23 қазанында Ө.Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен кітапханашылары үшін IPR медиа дамыту жөніндегі директоры Вита Викторовна Кутуева (Мәскеу қ.) «Университеттегі оқу процесі мен коммуникацияны тиімді ұйымдастыру үшін IPR BOOKS электронды кітапхана жүйесінің технологиялары мен шешімдері» атты оқу семинарын өткізді. Қалай іздеу керек? Мұғалім студенттерге әдебиетті қалай ұсына алады? – деген көптеген сұрақтарға жауап берді.
2019 жылдың 21 қазан күні ақпараттық-кітапхан орталығынның оқу залында, қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек» атты әдеби интеллектуалды - танымдық ойын өтті. Іс-шараға филология, әлеуметтік-гуманитарлық, психолого-педагогикалық және жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері қатысты. Интеллектуалды ойын барысында студенттер 3 топқа бөлінді: 1 топ: «Теңдік жыршысы» 2 топ: «Серілер» 3 топ: «Құлагер»
2019 жылдың 21 қазан күні Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК ақпараттық-әдеби бөлімінде педагогика ғылымдарының кандидаты, білім берудің құрметті қызметкері, педагогикалық еңбек ардагері, кәсіподақ белсендісі, жарқын және шығармашыл тұлға, туған көшбасшы, ұйымдастырушы, жауапты адам Ибатулин Асхат Шарифұлына арналған еске алу кеші өтті. А. Ш. Ибатулиннің өмірі мен қызметі туралы "Ибатулин А. Ш. Линия жизни" кітабының тұсаукесері өтті. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мұндай жинақты дайындау бастамасымен сөз сөйледі.
2019 жылдың 19-20 қазан айының аралығында Қарағанды қаласында алғаш рет аралас жекпе-жектен NOMAD MMA ашық Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 10 елден 600-ден астам спортшы қатысты. Жалпы есеп бойынша қазақстандық спортшылар командалық бірінші орынды және 135 медальға ие болды: 46 алтын, 44 күміс және 44 қола. Психология-педагогика факультеттің 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Александр Ворошков жарысқа қатысып, бірінші орынға ие болды.
Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпараттық кітапхана орталығында, ELSEVIER компаниясының өкілі Ботакөз Сүлейменова «Ғылыми жұмыстың сапасын жақсарту үшін Scopus және Scince Direct жүйелерін пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. ҚМПУ профессорлық-оқытушылық құрамы ақпараттық жүйелермен жұмыс жасады, осы жүйелерде: «Құжаттарды, мекемелерді, авторларды қалай іздеу керектігі туралы, адал және ғылыми баспаның принципсіз моделдегі журналдарды қалай ажыратуға болатыны туралы, журналдарды бағалау критерийлерін қалай үйренуге болатыны туралы» т.с.с. басқа да көптеген сұрақтарға тоқталып көптеген мүмкіндіктерімен толығырақ танысты. Ботакөз Жұбанышқызы «Mendeley» бағдарламасын «студенттер мен ғалымдардың өмірін жеңілдететін көптеген пайдалы функциялар бар құрал» ретінде пайдалануға кеңес берді.
2019 жылғы 10-11 қазанда күн тәртібіндегі дәл осы мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің бастамасымен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында Нұр-Сұлтан ғалымдарының, облыс департаменттерінің басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, облыс әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері басшыларының, қоғамдық пікір көшбасшыларының және облыстың саяси партиялары басшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Ағымдағы жылдың 10 қазанында Сұлтанғазин университетіне осыдан бір ай бұрын білім қуып, жүрек қалауымен университет табалдырығын аттаған жас өркендеріміз, 1 курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау – 2019» кеші өтті. Қаламыздағы танымал би топтарының бірі Crazy Dance заманауи биімен мерекелік кешті бастап берді. Барлық факультеттің 1 курс студенттері бақ сынасқан бұл кештің басты мақсаты, былтырғы жылы Жаратылыстану-математика факультеті қанжығасына байлаған «ауыспалы кубокты» ұтып алу еді.