Қазақстандық қоғамның эволюциялық жолының негізі – конституциялық диалог
- Подробности
- Опубликовано: 11 октября 2019
2019 жылғы 10-11 қазанда күн тәртібіндегі дәл осы мәселе бойынша Қостанай облысы әкімдігінің бастамасымен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ базасында Нұр-Сұлтан ғалымдарының, облыс департаменттерінің басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының, облыс әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдері басшыларының, қоғамдық пікір көшбасшыларының және облыстың саяси партиялары басшыларының қатысуымен семинар-тренинг өтті.
Семинарда Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясат ғылымдарының кандидаты Е. Б. Саиров пен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы Сыдықназаров Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы, халықаралық жобаның СММ-маманы, «Информбюро» сайтының маманы, БАҚ-жаттықтырушы О.С. Файзуллина және «КН» облыстық радиостанциясының редакторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай филиалының оқытушысы Л. А.Должанская негізгі баяндамалар мен хабарламалар жасады.
Семинар-тренинг жұмысына Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы Е. А. Әбіл, ҚХА кафедрасының профессоры, п. ғ. к. З. У. Карбенова және семинарда «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігі мен бірлігі» тақырыбында баяндама оқыған ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко қатысты.