Қостанайдағы медиаторлар форумы: тәжірибе алмасу және даму перспективасы
- Подробности
- Опубликовано: 26 октября 2019
2019 жылдың 26 қазанында Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығы «Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану» жобасы шеңберінде медиация мәселелері бойынша өңіраралық форум өткізді.
Форумға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, судьялар, мемлекеттік қызмет өкілдері, Қарағанды, Петропавл, Өскемен және Қостанай облыстарының педагогтары келді.
Форумға қатысушылар Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің жұмысы туралы, ШҚО медиация институтын дамытудағы мәселелер мен жетістіктер, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттеріне «Медиация негіздері» курсын оқыту мәселелерін, сондай-ақ, шағын кредиттік ұйымдармен дауларда медиативтік технологияларды пайдалану және медиация институтын тиімді енгізудегі мемлекеттің рөлін қарастырды.
Форумға қоғамда медиация институтын қолдану мәселелерін терең меңгерген мамандар келді десек те болады. Форум спикерлерінің де, тыңдаушыларының да аймақтардағы медиация институтын дамытудағы және өз қызметі саласындағы проблемалар мен жетістіктер туралы өз айтарлары болды.
Форумда Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгеушісі О. Н. Евдокимова «Медиация мектебі ҚХА кафедрасы жұмысының бір бағыты» атты баяндама жасады.
Ол өз сөзінде медиация мектебінің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Мектеп жұмысының мақсатын ұсынды, курс тақырыбын белгіледі, оқыту формалары мен әдістерін атады, оқыту құралдары мен дидактикалық материалдарды көрсетті.
Форум соңында қатысушылар ҚР «Медиация туралы» Заңына Қарағанды, ШҚО, СҚО және Қостанай облыстары жобаларының шеңберінде әзірленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындады.