Студенттер білім беру курстары аясында «Рухани Жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерін оқыды
- Подробности
- Опубликовано: 23 октября 2019
2019 жылы 23 қазанда ЖОО студенттері үшін ҚХА кафедрасында «Жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасы аясында «Рухани Жаңғыру» мақаласының негізгі міндеттерінің 5 бөлігі бойынша ақпараттық керуеннің білім беру курстары ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова студенттерге Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін еске салды.
Одан әрі ҚХА кафедрасының профессоры, п.ғ.к., модератор Карбенова Зауре Уразбековна кездесуге келген қонақтармен таныстырып, оларға сөз берді.
Кездесудің негізгі спикерлері Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар: Шатекова Нұргүл Төлеуқұлқызы (еңбек сіңірген Мемлекеттік қызметкер, Білім беру саласынын үздігі), Алпысбаева Маржангүл Балтабайқызы (Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «қобыз» сыныбының оқытушысы, ҚР Білім беру үздігі, Ұлттық Дельфий комитетінің қазылар алқасының мүшесі) және Түспекова Айзада Айтқабылқызы (Ұлттық Дельфий комитетінің өкілі) болды.
Нұргүл Төлеуқұлқызы студенттермен болашақ педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін, жастардың жалпыұлттық бірлігі мәдениетін қалыптастыру және Қазақстанда тұратын этностардың мәдени дәстүрлерін насихаттау бойынша тренинг өткізді.
Маржангүл Балтабайқызы ұлттық кодтың элементтерін: тіл, дін, салт-дәстүрлерін студенттермен бірлесе қарастыра отырып, қазақ музыкалық дәстүрлерінің тарихын айтып берді.
Айзада Айткабылқызы өз сөзінде Қазақстанда Дельфий ойындарының өткізілуі туралы айтып, осы халықаралық байқауға дайындық және мемлекеттің еліміздегі дарынды шығармашыл жастарды қолдауы мен оның кәсіби өсуіне ықпалы туралы әлеуметтік бейнеролик көрсетті.
ҚХА кафедрасының профессоры Вишниченко Валерий Георгиевич студенттерді Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің негізгі ережелерімен таныстырды
Қостанай облысы бойынша ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Руслан Жүсіпбекұлы Мырзағалиев «Қоғамдық келісім» КММ жұмысының волонтерлік бағыттары туралы айтып берді.
З. У. Карбенова «Қазақтану» ғылыми жобасының аясында қазан айының «Бата» деп аталатынын тілге тиек етті. Ол Н.Т. Шатековтан студенттер мен ҚХА кафедрасына арнап бата беруін сұрай отырып, кездесуді қорытындылады.
Дәмге тартылған ыстық бауырсақтар қонақтар мен студенттердің көңілінен шықты.