2019 жылдың 1 қыркүйегінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті алаңында жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті. Университетіміздің ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы барлық ұстаздар мен студенттерді жаңа бастамамен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. «ҚМПУ дауысы 2019» ән байқауының финалистері Аубакирова Анель, Садық Фараби, Каримова Диана, байқау ұйымдастырушысы Диана Алшимбаева сынды әншілеріміз ән шырқап, «АйАрудың» қыздары мың бұралып билеген айтулы мерекеге, университетімізде талай жыл қызмет жасаған ардагер ұстаздар да келді.
Жаратылыстану-математика факультеті «География» мамандығының 3 курс студенттері педагогика магистрі Баубекова Г. К., география магистрі Коваль В. В. жетекшілігімен Қостанай қаласының 140 жылдық мерейтойына арналған «Алтын аймақ – Қостанай» шығармашылық байқауына қатысты. Үш номинация бойынша ұсынылған 22 шығармашылық жұмыстардың ішінде студенттер Мельник Никита, Мусина Аделя, Митрофаненко Юлия бейнероликтер номинациясы бойынша І орынға ие болды. Байқаудың қорытындысы 2019 жылдың 16 тамызында ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл саябағында өткізілді және жеңімпаздарға дипломдар тапсырылды.
2019 жылығы 17 маусымнан 25 маусым аралықғында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.
2019 жылғы 26 маусымда Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік пен келісім - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жол" атты XXVII сессиясы өтті. Сессияны Қостанай облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Архимед Бегежағұлы Мұхамбетов ашты. Облыс әкімінің айтуынша, 102-ден астам этнос біздің облыста тұрады. Мемлекет пен Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында осы халықтардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
2019 жылы 25 маусымда облыстық Достық үйі төртінші рет "Достық үйіндегі түн" өткізді. Осындай жағдай үшін этномәдени орталықтардың барлық кабинеттері интерьерін толықтай өзгертті және танымал телевизиялық бағдарламалар студиясына көбірек ұқсады. Мұнда "Кешке кездесу","Жақсы өмір сүру", "Сәнді үкім", "Кім миллионер болғысы келеді", "Ойна, гармонь " және т. б. болды. Достық үйінің алдындағы алаңда "үлкен жарыс" ұйымдастырылды, ал ішкі аулада Достық үйінің әртістері дайындаған концерт өтті.
2019 жылғы 21 маусымда ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында "Инфинити" даму орталығы " қоғамдық бірлестігі "Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде" атты семинар өткізді. Семинар ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары үшін ұйымдастырылды. Бұл әлеуметтік жоба Елбасы Н. Назарбаев жариялаған Жастар жылы және "Рухани жаңғыру"бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Сабақты запастағы подполковник Сиырбаев Алтай Мұхтарұлы өткізді.
2019 жылдың 20 мамыры мен 2019 жылдың 10 маусымы аралығында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ күндізгі бөлімнің 1-2 курс студенттеріне арналған жазғы қосымша білім беру мектебі өтті. Оған ЖОО-ның барлық факультеттерінен 947 студентер қатысты. "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" модулі шеңберінде оқыту студенттердің адамгершілік және рухани дамуына, достық атмосферасын қалыптастыруға, сыйлауға, өзара түсіністікке және қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етті.
Студенттік жылдар – бұл тамаша уақыт, жастықтын белгісі, мамандығын табысты бастамалар үшін шексіз мүмкіндіктері бар мезгіл. Әсіресе студенттік жылдар жаңа материалды менгеруге және білім шекараларын жанжақты байтуға маңызы жоғары уақыт. Осындай басымдылық көптеген студенттерде байқалады әсіресе 58011200-химия мамандығы бойынша бірқатар мотивацияланған студенттер өз ерекшеліктерін білдірудің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады. Өткен оқу жылы өте жемісті болды. Студенттер Жалпы Қазақстандық «Студио3» пәндік олимпиаданың жеңімпаздары, онда Ережепов Ержан (3 курс) 1 дәрежелі, Молдашаева Жанель және Чапаксин Иван (3 курс.) 2 дәрежелі, Махмутова Гаухар (2 курс) 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінде педагогика және психология Институтында «Кіші мектеп жасындағы оқушы қазіргі заманауи ақпараттық кеңістігінде» атты бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша қашықтықтан Жалпы ресейлік студенттік олимпиада (халықаралық қатысуымен) өтті. Олимпиаданың мақсаты талантты, шығармашылықпен ойлай білетін студенттерді анықтау, олардың кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсендіру болып табылады.
2019 жылдың 31 мамырында біздің университетіміздің жас оқытушыларының қорытынды сайысы өтті. Тренингтік жобаны ректордың кеңесшісі Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова бастады. ҚМПУ ректорының мақұлдауымен жоба Ардагерлер кеңесі тарапынан қолдау тапты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіқалықова Қ.А. және жобаның кураторы Важева Н.В. ұйымдастырушылар ретінде жобаға белсене қатысты. Байқаудың финалында - 5 оқытушы. Оларға қолдау көрсету үшін жетекшілері, оқытушылар, студенттер келді. Ғылыми және стратегиялық даму жөніндегі проректор, ф.-м.ғ.д. Н.А. Медетов қатысушыларға құттықтау сөз айтып өтті.