8 мамыр күні Жеңіс саябағында әскери медбикелерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оны зейнеткер Бек Жүсіпов өз қаражатына орнатты. Ресейге отбасылық саяхатпен барғанда осындай ескерткішті көріп, оған да монумент құру идеясы келген. Фронт медбикесінің мүсіні заманауи пластиктен жасалған, ал оның биіктігі екі метрге жуық. Автордың ойы бойынша, шайқастарда сарбаздарды шығаруға көмектескен ит, медбикенің аяғы болып мүсінделген.
Жеңіс күні – бұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.
2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко қатысты. Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.
2019 жылдың 29 сәуірінде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхананың әдеби қонақжайында Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Сарапшы» саяси клубының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында 1-ші отырысы өтті. Клубтың салтанатты ашылуына клуб мүшелері мен ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко және ҚХА кафедрасының профессоры, п. ғ. к. З. У. Карбенова қатысты. Өз сөзінде Валерий Георгиевич Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы көрнекті рөлін қысқаша сипаттап берді.
2019 жылы 29 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» деп аталды. Сессия төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті, ҚХА басшысы Н.Назарбаев болды. Н.Назарбаев өз сөзін: «Өзгермелі әлемде бір тұрақты – бейбітшілік пен келісім бар. Бұл біздің құндылықтарымыз. Этникалық қақтығыстар мемлекеттің құлауына жиі әсер етеді. Сондықтан бізге жеріміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау қажет», - деп бастады.
Бұл тақырып орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2019 жылдың 25 сәуір айында өткен ғылыми-практикалық конференцияға арналды. Конференция шеңберінде «Қазіргі әдебиет», «Когнитивті лингвистика мәселелері», «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» үш секция жұмысы ұйымдастырылды. «Қазіргі әдебиет» секциясының жұмысы қазылар алқасы мүшелерімен бағаланды: Т.Р. Пчелкина ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор – қазылар алқасының төрағасы.
2019 жылы 25 сәуірде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана бастамасымен «Әдеби десант» жобасы аясында Алтынсарин орталық кітапхан жүйесінде Қазақстанның танымал қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, Қостанай облысының тарихы мен мәдениеті мәселелеріне арналған бірнеше кітаптардың авторы Валерий Георгиевич Вишниченкомен кездесу өтті.
2019 жылдың 25 сәуірінде ақпараттық-кітапхана орталығынның оқу залында «2019 жыл-Жастар жылы» аясында, «Ғалым - студент» жобасы бойынша тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлымен кездесу өтті. Іс – шарада тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Қадыржан Қабиденұлы Әбуевпен скайп желісі арқылы онлайн сұхбат жүргізілді.
Мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығы Н. Қабдрахметов және кәсіби бағдар және мемлекеттік қызмет көрсету офисінің басшысы Ковалева Н. В. Ресей Федерациясындағы "Қазақстандық білім беру күндері" халықаралық білім беру көрмесіне қатысты. Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауы бойынша "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-мен бірлескен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
24.04.2019 жылы Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері мен «Саяхат» өлкетану клубы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізді. Іс-шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына қатысқан және осы тізімге енген Қостанай облысының атақты тұлғаларының жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.