ҚХА XXVII сессиясында Н.Назарбаев бейбітшілік пен келісімге шақырды

-

2019 жылы 29 сәуірде Нұр-сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту» деп аталды. Сессия төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті, ҚХА басшысы Н.Назарбаев болды. Н.Назарбаев өз сөзін: «Өзгермелі әлемде бір тұрақты – бейбітшілік пен келісім бар. Бұл біздің құндылықтарымыз. Этникалық қақтығыстар мемлекеттің құлауына жиі әсер етеді. Сондықтан бізге жеріміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтау қажет», - деп бастады.

ҚХА XXVII сессиясының жұмысына 1500-нан аса адам қатысты. Олар Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан өкілдері, Парламент депутаттары, саяси партиялардың басшылары және шетелдік қонақтар.

Қостанай облысын сессияда облыстық ҚХА төрағасы, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов басқарды. Облыстық делегация құрамында облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Қостанай облысының «Қоғамдық келісім» мамандары, облыстық ҚХА жастар бірлестігінің мүшелері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері болды.

Бұл сессия 2019 жыл жастардың жылы деп жариялануымен бірегей және біздің алдымызға жас ұрпақты қолдау міндеті қойылды.

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі,           ҚХА XXVII сессиясының делегаты О. Н. Евдокимова: «Бүгінде ҚХА – еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқаратын заманауи диалог алаңы. Мен үшін ҚХА сессиясы – маңызды оқиға. Жоғары оқу орнының делегаты мен оқытушысы ретінде сессияда қойылған міндеттерді Қостанай жастарына жеткізу керектігін түсінемін» - деп айтып өтті.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚХА XXVII сессиясында Н.Назарбаев бейбітшілік пен келісімге шақырды