Алтынсарин ауданы кітапханасындағы әдеби десант

2019 жылы 25 сәуірде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхана бастамасымен «Әдеби десант» жобасы аясында Алтынсарин орталық кітапхан жүйесінде Қазақстанның танымал қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры, Қостанай облысының тарихы мен мәдениеті мәселелеріне арналған бірнеше кітаптардың авторы Валерий Георгиевич Вишниченкомен кездесу өтті.

Кездесуде қоғамдық-саяси сипаттағы мәселелер, этносаралық қатынастарды үйлестіру, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық мәселелері көтерілді.

Кітапхананың оқу залында жоғары сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, өңірдің қоғам және саяси қайраткерлері жиналды.

«Дөңгелек үстел» түрінде өткен шарада келген кісілер Валерий Георгиевичтің өмірі мен қызметі жайлы біліп қана қоймай, өздерін қызықтырған сауалдарын қоюға да мүмкіндік алды.

Валерий Георгиевич осы кездесу аясында, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Алтынсарин ауданы кітапханасындағы әдеби десант