Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет департаментінде дөңгелек үстел өтті
- Подробности
- Опубликовано: 30 апреля 2019
2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В.Г. Вишниченко қатысты.
Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.
Өз сөзінде Ұлт көшбасшысының ҚХА-ның XXVII сессиясында «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбындағы салтанатты сөзі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы контексіндегі қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға баса назар аударды.