2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.
2019 жылы 9 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Жастар жылы аясында I кітап фестивалі KITAP FEST 2019 өтті. Психология-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасында екінші жыл бойы "Қарлығаш–балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" атты студенттік зерттеу жобасы жұмыс істейді, жоба жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна.
Дүйсенбі 8 сәуір күні физика-математикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы аясында зияткерлік ойын өткізілді және жыл сайын 12 сәуірде аталып өтетін Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні мен Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған. Ойын 6 кезеңнен тұрды: 1 – жаттығу (8 сұрақ), 2 – ғарышкер (8 сұрақ), 3 – бір сөзбен (14 сұрақ), 4 – Математика (6 сұрақ), 5 – Физика (6 сұрақ), 5 – Астрономия (6 сұрақ). Тапсырмалар екі тілде – мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды және ғылымның әр түрлі жақтарын – ұлы ғалымдар, атаулы күндер, физикалық құбылыстар, қызықты фактілер қамтыды.
2019 жылы 8 сәуір күні ақпараттық кітапхана орталығында «Ақпарат күні» өткізілді. Іс-шараға «психология және дефектология кафедрасының» оқытушылары мен «Дефектология» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында психологияға байланысты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Ерекше қызықтырған кітаптар: Отбасы психологиясы», «Балалар психологиясы», «Инклюзивное образование, «Психология девиантного поведения», «Стресс-менеджмент», «Нейропсихология детского возраста», «Когнитивные технологии обучения» және т.б.
Ө. Султангазин атындағы Қостанай мемелекеттік педогогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы Кубеев М.С жəне Белан О.Р сондай-ақ жаратылыстану математика факультетінің биология мамандығының 1 курс студенттері 08.04.2019 жыл уақыт аралығында 10-шы орта мектебінің 9-10 сыныптар арасында көп қабатты үйлердің кіре берістерін жəне алаңын көгалдандыру атты тренинг өткізілді. Бұл тренингте қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтылды.
2019 жылдың 1-5 сәуірі аралығында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің өнер кафедрасында әдістемелік апталық өтті. 01 Сәуір (14:30) ақпараттық-кітапхана орталығында кафедра пәндері бойынша жаңа оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдары: "Музыка мұғалімінің оның аспаптық дайындығы процесіндекәсіби біліктілігін қалыптастыру", "Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі", "Компьютерная нотная графика", "Вокалды-хор тәрбиесі", "Практика работы с хором", "Рисунок и графика" және т. б. болды.
2019 жылдың 1 сәуір мен 5-ші сәуір аралығында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының әдістемелік апталығы өтті. Көрмеде студенттердің қолдан жасаған еңбектері өте жоғары дәрежеде орындалды. Көрмені ұйымдастырған аға оқытушылары,педагогика ғылымының магистрлері Мукалиева Баян Хамзовна мен Жандауова Шолпан Еркиновна. Көрме Университеттің ғылыми ақпараттық кітапхана орталығында ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Безаубекова Сания Серікқызы сол өнер туындыларын кітап құндылықтарымен байланыстыра отырып ерекше кіріктірілген көрмені жоғары дәрежеде өтуіне көмектесті.
2019 жылдың 4-5 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (Қарағанды қ.) 5В010500-Дефектология мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттер арасындағы пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық олимпиадаға барлығы 13 топ қатысты. Олимпиада мақсаты: болашақ талантты жас мамандарды анықтау және қолдау көрсету, сонымен қатар арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау бойынша бірегей білім беру кеңістігін құру болып табылады.
Ұйымдастырушылар - «Ruhani zhangyru жобалық кеңсесі» ЖШС «U SMART» ҚМПИ бизнес-инкубаторымен бірге. Қостанай облысының жоғары оқу орындарында студенттерді нақты мысалдар арқылы ынталандыру мақсатында "Қостанай облысының кәсіпкерлерінен Бизнес дәрістер"жобасын іске қосу жүзеге асырылуда. 5 сәуір күні "Кәсіпкерлік өмір стилі ретінде" тақырыбында бірінші дәрісті Зарина Көкжанова Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне өткізді.
Мамандық таңдау – мектеп түлектерінің күрделі міндеттердің бірі. Бұл ересек өмірге қадам. Жасөспірімнің өзі таңдау жасау қиын, себебі ол көптеген мамандықтармен әлі таныс емес. Сондықтан біздің ЖОО-ның көптеген оқытушылары Қостанай қаласы мен облыс мектептерінің түлектерімен кездесу үшін облыс мектептерін аралап кәсіби бағдар береді. 2019 жылдың 5 сәуірінде ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова Қамысты ауданының оқушыларымен кездесті.