"Психология және дефектология: қолданбалы аспект"
- Подробности
- Опубликовано: 09 апреля 2019
2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А.
Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.
Іс-шара барысында баяндамашылар ұсынылған тақырыптар мәніне енуіне мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулердің әдіснамасы туралы білімдерін көрсетті және осы негізде ғылыми-зерттеу мәселелерін шешудің тиімді мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, қатысушы студенттер білім берудегі инновациялық әдістері болып табылатын заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде өз жұмыстарын ұсынды.
Студенттердің ғылыми конференциясының жұмысы жоғары ұйымдастырушылық және ғылыми деңгейде өтті. Іс-шара соңында барлық студенттерге сертификаттар берілді.