Өнер кафедрасының апталығы
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2019
2019 жылдың 1-5 сәуірі аралығында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің өнер кафедрасында әдістемелік апталық өтті.
01 Сәуір (14:30) ақпараттық-кітапхана орталығында кафедра пәндері бойынша жаңа оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Олардың ішінде ең сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдары: "Музыка мұғалімінің оның аспаптық дайындығы процесіндекәсіби біліктілігін қалыптастыру", "Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі", "Компьютерная нотная графика", "Вокалды-хор тәрбиесі", "Практика работы с хором", "Рисунок и графика" және т. б. болды. Оқытушылар әдебиеттерді іздеу алгоритмімен, ақпараттық-кітапханалық орталықтың мәліметтер базасымен танысты, пікір алмасты, кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды.
02 сәуір (10:30) аға оқытушы Саятулекова Л. С. "Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хормен дирижерлау)" пәні бойынша "Хор шығармаларының музыкалық-көркем бейнесін ашу"тақырыбында ашық сабақ өткізді.Ашық сабақ 7 семестр және 4 жыл бойы оқытылатын "Хор сыныбы" пәнінің қорытынды кезеңін көрсетті. Сабақ "Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хормен дирижерлау)"пәнінің мемлекеттік бағдарламасының шығармаларының хормен орындалуын көркемдік жетілдіруге бағытталған.Сабақ барысында шығармалардың түсіндірмесі, қарқынды ара-қатынасы, динамикасы, бейнелі сипаттамасы, мемлекеттік емтихан өткізу кезінде бітіруші студенттердің сөз сөйлеуінің ұйымдастыру тәртібі нақтыланды.Сабақта "Дирижерлау және вокал бойынша практикум", "Хорды дирижерлау", "Музыка теориясының негіздерімен сольфеджио", "Орындаушылық шеберлік" және т. б пәндермен пәнаралық байланыстар байқалды.
03 сәуір (10: 30) аға оқытушы С. Н. Задорожная "Сольфеджио" пәні бойынша, 2 курс "Сольфеджио оқытудағы инновациялық әдістер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқытушы "Өрлеу"БАҰО оқыту курстарында алған сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданды. Сабақ барысында студенттер инновациялық әдістердің түрлерін талқылады, оларға сипаттама берді, қолдану саласын анықтады.Студенттердің презентациялары тыңдалды: Пак А. "Сольфеджио "пәні бойынша өз бетінше даярлауда ақпараттық оқыту мүмкіндіктері"; Воронцова А. "Оқушылардың метроритмиялық дағдыларын дамытуда инновациялық әдістерді қолдану", сонымен қатар қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, "Музыкалық диктант – музыкалық есту қабілетін дамытудың негізгі түрі" тақырыбында оқытушының портфолиосы тыңдалды.Сабақ барысында оқытушы сөздік, көрнекі, иллюстративті оқыту әдісін, сондай-ақ сыни ойлау әдісін қолданды.Студенттер теориялық материалды өз бетінше жүйелендірді, сольфеджио сабақтарында түрлі инновациялық әдістермен танысты, "Сольфеджио"пәнін жүргізудің әртүрлі формаларында осы әдістерді тәжірибе жүзінде қолдана білді.
04 Сәуір (16:30) аға оқытушы Турлубаева Д. К. "Орындаушылық шеберлік" пәні бойынша ашық сабақ, 3 курс, "Аккомпаниатор қызметінің түрлері"тақырыбы бойынша практикалық сабақ (жеке өткізу түрі) өткізді. Сабақты өткізу барысында Н. Олексенко есімді студенткеаккомпанементпен жұмыстың негізгі түрлері көрсетілді(акустикалық аккомпанемент, және цифрлық аспапта/синтезаторда сүйемелдеумен). 5 аккомпанемент бөлшектелді, оның жұмысы: әріпті белгілеу бойынша ойын, бір секундқа жоғары транспорлау, аккомпанементтіпарақтан оқу. Мектепте аккомпаниатордың қызметі белгіленді: фортепианода вокалдық партияны көрсете білу, балалармен вокалдық партияны (әуен/сөздер) үйрену, ән сипатын сипаттау. Сабақта аккомпанементпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері көрсетілді: парақтан оқу, фактураны анықтау (темп пайдасына фактураларды жеңілдету, туындының сипаты), гармоникалық талдау, шығарманың түрін талдау (куплет).Сабақ барысында оқытушы оқытудың сөздік, көрнекі практикалық әдістерін қолданды. Студент өз бетінше шығармаларды талдады, аккомпанементті орындауда практикалық тәсілдерді (фактураларды өзгерту, синтезаторда аккомпанементті таңдау: дыбысталубойынша паттерн, темп, тембр таңдау) қолданды, өз бетінше әндерге аранжировкалау жасады. Сабақты өткізу барысында кіріктірілген әдіс-тәсілдер қолданылды және студенттердің арнайы музыкалық пәндер: сольфеджио, музыка теориясы, гармония бойынша өзара байланысы көрсетілді.
05 Сәуір (12:30) кафедра оқытушылары Жусупова Д. Ж., Сапиева М.С., Амирхамзин Н.К., Ордашева М.Ж., Жакаева К.А. "ЖОО пәндерінің оқу бағдарламаларында мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұны"атты әдістемелік семинар өткізілді. Кафедра оқытушылары оқу барысында келесі онлайн платформаларды белсенді пайдаланады:https://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ресми сайты,http://smk.edu.kz - "Жүйелік-әдістемелік кешен" порталы, https://imektep.kz -негізгі сегіз пән бойынша 200 интерактивті сабақ және 100 ойын тапсырмасы бар бастауыш мектеп бағдарламасы, http://cpm.kz/ru/portal/piggy/?arFilter_2[ID] =44393 - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының электронды әдістемелік қоржыны және т.б. "Мұғалімнің кәсіби бағдарлары", "Сызу оқыту әдістемесі", "Критериалды бағалау технологиялары" және т. б. сабақтарының мысалында кафедра оқытушыларынЖусупова Д.Ж. және Есмаганбетова Ш.К. оқу процесінде берілген білім мазмұнын қалай пайдалануға болатынын таныстырды. М.С. Сапиева әріптестерін "Музыкалық білім берудің педагогикасы мен психологиясы" пәні мысалында берілген контентпен жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Амирхамзин Н.К. оқытушыларды "Музыка теориясы", "Орындылық шеберлігі" пәндерінің үлгісінде білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесімен таныстырды.