Kitap Fest-2019 бірінші кітап фестивалі

2019 жылы 9 сәуірде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және Жастар жылы аясында I кітап фестивалі KITAP FEST 2019 өтті. Психология-педагогикалық факультетінің педагогика кафедрасында екінші жыл бойы "Қарлығаш–балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" атты студенттік зерттеу жобасы жұмыс істейді, жоба жетекшісі педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна.

Фестивальдің ұйымдастырушысы–"Қарлығаш–балалардыбейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" студенттік жобасының командасы.

Кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған кітап фестивалі кітаптың қоғамдық-маңызды мәртебесін көтеру және әр түрлі санатта ғыадамдарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Фестивальдің мақсаты–оқырман мәдениетін дамыту және жазушылар мен оқырмандар үшін бірыңғай алаң құру.Фестивальге кітапқұмарлар, жазушылар, ақындар, блогерлер, бизнесмендер, кітапханашылар, студенттер, магистрлер мен шығармашылық және қоғамдық қызметте табысты тәжірибемен және өмір бойы білім алуда кеңестермен үлкен ықыласпен бөліскен оқытушылар қатысты.

Қостанай қаласы кітапханалары кітап оқиғасынан тыс қалған жоқ: Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы, Толстой атындағыҚостанай облыстық әмбебап кітапханасы, Островский атындағы орталық қалалық кітапханасы.Көрме тақырыбы әр түрлі болды: Островский атындағы орталық қалалық кітапханасы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы бойынша кітап өнімдерін ұсынды, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ кітапханасы оқытушылардың еңбектерін көрмеге қойса, Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханасыөз көрмесін жастар жылына арнады.

Бүкіл фестиваль барысында БУККРОССИНГ өтті, ол "оқып-басқаға бер" принципіне негізделген қарапайым әрекеттен тұрады, яғни сіз өз сүйікті кітабыңызды басқа қатысушының қамқор қолына беріп, орнына басқа кітапты алып кетесіз. Буккроссинг "сүйікті кітаптарыңа екінші өмір сыйла!" ұранымен өтті". Қатысушылар кітаптармен белсенді алмасты. Буккроссингте барлығы 40-қа жуық кітап айырбасталды.

Фестивальдің жарқын оқиғасы адам "кітап" болып табылатын әлемді танудың баламалы тәсілі ретінде "ТІРІ КІТАПХАНА" шарасы болды. Мұндай әлеуметтік ойын Данияда 12 жыл бұрын пайда болды, содан бері жобаны 50-ден астам ел қабылдады және өткізді. "Тірі кітапхананың" мәні – адамды кітап ретінде оқу, оқырман мен автор арасындағы әңгіме. Бұл шынайы адамдармен, олардың өмірлік тәжірибесімен танысып, қарым-қатынас жасауға, олардың проблемалары, табыс жағдайлары туралы білуге және өмір үшін ұсыныстар алуға тамаша мүмкіндік.

"Тірі кітаптар" рөлінде –мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы би бойынша Азия чемпионы, ҚМПУ 1 курс студенті Мәлік Мұхтарова сөз сөйледі. Ануар Газис – Edukey білім беру орталығының негізін қалаушы. Оксана Зайнуллина – "Тай Маркет"дүкенінің иесі. Федорович Яна – жазушы, ППФ магистранты. Спикерлер өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, жоғары білімнің рөлі туралы пікір алмасты. Қонақтардың сөздері "Kitap Fest" кітап фестивалінің есте қаларлық сәттерінің бірі болды.

"КӨРКЕМ СӨЗ" өлең оқу алаңы ҚМПУ ақындары мен жазушыларын біріктірді. Біздің университет студенттері Сұлтан Қарлығаш, Бекетова Айнұр, Ихсан Данияр, Шалдыбаева Ақсұңқар, Дінаш Шапағат, Марина Печеркина, Татьяна Мендыбаева, Дубиковская Олеся өз шығармашылықтарымен бөлісті.

Кітап фестивалінің салтанатты жабылуында барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. "Kitap Fest" кітап фестивалі жыл сайын өткізілетін "Қарлығаш – балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі" іс-шарасы болмақ.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз