Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын іске асыру шеңберінде латын негізді қазақ тілінің жаңа емле ережелерін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде түсіндірудің 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде 28 наурыз күні филология және педагогика-психология факультетінің ұжымына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері таныстырылды.
2019 жылы 28 наурызда жаратылыстану ғылымдары кафедрасы "Жас ұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлер, инновациялар" атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді.Ол Алматы, Орал, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан шыққан,өз қызметінің бағыты, нәтижесі мен болашағы туралы ашып көрсетуге тырысқан жас зерттеушілер – студенттер, магистранттар, жаңадан бастаған педагогтарды біріктірді.
2019 жылғы 28 наурызда Ө. Сұлтангазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған «Мен стажермын» (I am an intern), жобасы аясында педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты: Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің түлектеріне мамандықты игеру, инновациялық педагогикалық идеяларды енгізу және білім беру мазмұнын жаңарту тұрғысында олардың дамуына көмектесу.
2019 жылдың 25-28 наурыз аралығында ҚИнЭУ және ЧелГУ базасында қыздар арасында волейболдан қала ЖОО спартакиадасы өтті. ҚМПУ қыздар құрамасы жеңіске жетті, соңғы матчта олар ҚМУ құрамасымен кездесіп, қарсыластар командасын жеңіп және бірінші орынға ие болды. Біздің институт атынан студенттер қатысты: Навалова Виталина (3 курс, ДШСжТ) Тюрина Анастасия (3 курс, ДШСжТ) Аспандиярова Дамира (3 курс, ДШСжТ) Чумбарева Екатерина (1 курс, ДШСжТ) Герт Ксения (1 курс, ДШСжТ) Федосова Валерия (1 курс, ДШСжТ).
Өндірістік практика – оқу үрдісінің студенттердің кейінгі кәсіптік-педагогикалық қызметтеріне қажетті тәжірибелер мен дағдыларды алуға бағытталған бөлігі. Сондықтан өндірістік практика студенттердің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге, сондай-ақ мектептерде озық педагогикалық тәжірибені меңгеруге негізделген «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.
2019 жылғы 23 наурызда 4 курс студенттерінің өндірістік машықтануы аяқталды. Педагогика бойынша (Иванова Е.Н., Аканбаев Б.Н., Калиев Д.Д.), психология (Севастьянова С.С., Калиниченко О.В.) және кафедра әдіскерлері (Баубекова Г.К., Рулёва М.М., Брагин Е.А., Бородулина О.В., Кожмухаметова А.С., Омарова К.И., Баймагамбетова К.Т., Суюндикова Ж.Т, Коваль В.В., Божекенова Ж.Т., Загорулько В.В.) есеп құжаттарын тексергеннен кейін 29 наурызда машықтану нәтижелері қорытындалған конференция өткізілді.
19 наурыз күні ҚХА кафедрасында, Наурыз мейрамы қарсаңында, оқытушылар О. Н. Евдокимова мен З. У. Карбенова филология және тарих факультеттерінің мемлекеттік тілде оқитын студенттерімен ерекше орыс тілі сабағын өткізді. Студенттер «Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлері», «Әр елдегі Наурыз мейрамының тойланылуы» атты презентациялар дайындады. Филология факультетінің студенттері Ай мен Күннің қалай кездескені туралы аңызға негізделген театрландырылған қойылым дайындады.
2019 жылдың 19 наурызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай мамандандырылған балалар интернат – үйінде" мерекелік іс- шара «Қош келдің Наурыз!» өткізілді. Іс-шара куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен және Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің "Биология" мамандығының 2 курс және "Химия" мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
19 наурыз 2019 жылы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Иванова Е.Н. педагогика және психология мамандығының 3 курс студенттерімен бірге С. Алитанова және А. Лукашонок Қостанай қаласындағы «Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы» ММ Наурыз мерекесіне қатысты. Мерекеге сыйлық ретінде балаларға 1 наурыз күні У. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен ақшасынан кәмпиттер мен жемістер сатып алынды.
2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «History Lab» инновациялық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға Қостанай педагогикалық университетінің 80 жылдығына және оған академик Ө.Сұлтанғазиннің есімін беруге арналған. Инновациялық кабинеттің ашылу салтанатына ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы Д.И. Қарымсақова, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Н.А. Медетов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.