ӘГФ-те инновациялық кабинеттің ашылуы өтті

2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің «History Lab» инновациялық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл оқиға Қостанай педагогикалық университетінің 80 жылдығына және оған академик Ө.Сұлтанғазиннің есімін беруге арналған.

Инновациялық кабинеттің ашылу салтанатына ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы Д.И. Қарымсақова, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы Н.А. Медетов, ҚМПУ аппаратының басшысы Р.К. Бекмағамбетов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«History Lab» инновациялық кабинеті – бұл заманауи техниканы қолдану арқылы студенттер мен оқытушылардың белсенді қарым-қатынастың алаңы. Кабинет интернетке және басқа құрылғыларға сымсыз қатынайтын интерактивті сенсорлық панельмен жабдықталған, kahoot.com, izi.travel.com, рrezi.com және т.б. онлайн-ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді. Full HD экрандар арқылы бейне және фотоматериалдар жоғары сапада көрсетіледі.

«Жаңа гуманитарлық білім» бағдарламасы аясында «100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі де аса назар аударуда, сонымен қатар тарихи ғылым классиктерінің еңбектері мен қостанайлық ғалымдардың жұмыстарының QR-панельдері студенттерге еркін қол жеткізуде.

Бұл кабинетті құру бастамасы ҚМПУ ректоры Е.А. Абильге тиесілі, ал оны жүзеге асырған факультет деканы З.Б. Шахаман бастаған профессорлық-оқытушылар құрамы М.Ж. Бекмағамбетова, Р. Бірмағамбет, Б.М. Тапакова.

«History Lab» инновациялық кабинетінде жастар өз жобаларын құрып, білім алады және тәжірибе алмасады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ӘГФ-те инновациялық кабинеттің ашылуы өтті