Наурыз мейрамы – көктем және жаңару мерекесі

19 наурыз күні ҚХА кафедрасында, Наурыз мейрамы қарсаңында, оқытушылар О. Н. Евдокимова мен З. У. Карбенова филология және тарих факультеттерінің мемлекеттік тілде оқитын студенттерімен ерекше орыс тілі сабағын өткізді.

Студенттер «Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлері», «Әр елдегі Наурыз мейрамының тойланылуы» атты презентациялар дайындады.

Филология факультетінің студенттері Ай мен Күннің қалай кездескені туралы аңызға негізделген театрландырылған қойылым дайындады. Ал тарих факультетінің студенттері «Падишахта қонақта» қойылымын қойып, онда көктем мен Наурыз мейрамы туралы өлеңдер оқыды, Асық ату ұлттық ойыны мен спорттық жекпе-жек армрестлинг бойынша мастер-класс көрсетті.

«Наурыз мейрамы» әнін караокеде қосыла шырқауы екі факультеті біріктіре түсті.

Студенттер дайындаған бауырсақ, наурыз-көже, жент және шығыс тәттілері мерекелік дастарханның сәнін келтіріп қана қоймай, барлық келушілер дәм татты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Наурыз мейрамы – көктем және жаңару мерекесі