Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығы қарсаңында, екінші жыл қатарынан, студенттердің бастамасымен 16 сәуір күні университет қабырғасында «ҚМПУ дауысы - 2019» вокал байқауы өтті. Байқауды Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің кадет-барабаншылар ансамблі салтанатты түрде ашты. Байқау екі кезеңнен тұрды, 1-ші кезеңде қатысушыларға толық мүмкіндік беріліп, өздері таңдаған әндерін орындаса, екінші кезеңде жеребе арқылы таңдаған 1970 - 2005 жылдар аралығындағы хит әндерді шырқады. Финалда жеңіске 7 қатысушы бақ сынады.
Медиация және халықтық дипломатия мектебінің тыңдаушылары 2019 жылы 15 сәуірде облыстық Достық үйіне барды. Бұл жерде медиация кабинетінің жетекшісі Р. Ж. Мырзағалиев «еңбек қатынасындағы медиация» тақырыбында сабақ өткізді. Руслан Жүсіпбекұлы сабақ басында медиация кабинетін көрсетіп, ғимараттың тарихымен таныстырып, Достық үйіне саяхат жасатты. Сабақ шығармашылық тапсырманы орындаудан басталды. Тыңдаушыларды үш топқа бөліп, ол әрбір топқа «Медиация тарихы», «Медиация жарнамасы», «Медиатордың кәсіби қасиеттері» постерін дайындауды ұсынды. Студенттер тапсырманы сәтті орындады.
2019 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогикалық ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Республикалық олимпиаданың мақсаты – ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығын жетілдіру және қоғамдық сананы жаңарту жағдайында педагогика ғылымын дамытуды мақсат еткен талантты, жас педагог-зерттеушілерді анықтау.
12 сәуір 2019 жыл Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасының апталығы аясында Гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна "Дефектология" мамандығының 2 курс студенттерімен "Білім берудегі Менеджмент" пәні бойынша "Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақта сыни ойлау стратегиялары қолданылды: "Кинометафора","Миға шабуыл", "SWOT - талдау", "Фишбоун", "Жұқа және қалың сұрақтар".
2019 жылы 12 сәуірде ҚМПУ-де физика-математикалық пәндер кафедрасының апталығы аясында «Математикалық аукцион» атты іс-шара өтті. Сауда-саттық өткізу техникасын және тәртібін білетін лицитатор (аукцион жүргізушісі) - қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Демисенов Берик Нұртазинович, студенттер нөмірлерінің ұсыныстарын бақылап, аукцион жеңімпазын анықтауға көмектесті. «Математика» мамандығының оқытушылары дайындаған төрт тағамнан тұратын лот «саудаға» қойылды.
2019 жылдың сәуір айының 11-12 аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 5В011200-Химия мамандығының студенттер командасы бірінші орын алды. Команда құрамы: Жаналинова Сымбат, 2 курс студенті, Жиенбаев Токтасын және Чапаксин Иван, 3 курс студенттері. Біздің студенттер командалық есепте Қазақстан Республикасының 14 ЖОО арасында үздік нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломға ие болды.
2019 жылдың 12 сәуірінде Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Жастар жылына орай «Қазақстанның болашағы менің қолымда» тақырыбында «Брейн-Ринг» форматында республикалық интеллектуалдық турнир өтті. Біздің ЖОО намысын «Горизонт» командасы қорғады: Найзагаринова Айгерим (4 курс, «Педагогика және психология» мамандығы), Торыбаев Жанболат (3 курс, «Биология» мамандығы), Джапашева Мадина (3 курс, «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы), Кудабаев Даулет (2 курс, «География» мамандығы)...
12 сәуір күні ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектебі" "Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалында "Зерттеудегі бір қадам-дамудың жүз қадамы" атты аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті, оның негізгі міндеті Қостанай облысының әр түкпіріндегі жас зерттеушілерді біріктіру болды, бұл туралы іс-шараның пленарлы бөлігін өткізу кезінде акт залы толық болды. Секциялық жұмыс әр түрлі ғылым саласын ұсынған бағыттар бойынша жүзеге асырылды.
Педагогика кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «ҚжЭН», «Тарих» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Оқытушы студенттермен семинар барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді.
2019 жылдың 12 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде психология және дефектология кафедрасында студенттік жобалардың тұсаукесері өтті. Іс-шара модераторлары: Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психол.ғ.к., Сатыбалдина Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Проблемалық топтарды құрудың мақсаты студенттердің ғылыми, оқу және ғылыми қызығушылығын дамыту, факультеттің ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу болды.