Облыстық достық үйіндегі медиация сабағы
- Подробности
- Опубликовано: 15 апреля 2019
Медиация және халықтық дипломатия мектебінің тыңдаушылары 2019 жылы 15 сәуірде облыстық Достық үйіне барды. Бұл жерде медиация кабинетінің жетекшісі Р. Ж. Мырзағалиев «еңбек қатынасындағы медиация» тақырыбында сабақ өткізді.
Руслан Жүсіпбекұлы сабақ басында медиация кабинетін көрсетіп, ғимараттың тарихымен таныстырып, Достық үйіне саяхат жасатты.
Сабақ шығармашылық тапсырманы орындаудан басталды. Тыңдаушыларды үш топқа бөліп, ол әрбір топқа «Медиация тарихы», «Медиация жарнамасы», «Медиатордың кәсіби қасиеттері» постерін дайындауды ұсынды. Студенттер тапсырманы сәтті орындады.
Сабақтың екінші бөлігі еңбек қатынасындағы медиацияны зерттеуге арналды. Лектор еңбек медиациясының ерекшеліктері, медиация тараптары, еңбек жанжалдарының себептері мен түрлері туралы айтып, медиативтік процестің кезеңдерін қарастырды.
Сабақтың практикалық бөлімі «акционерлік қоғамдағы жиналыс» тренингіне арналды. Студенттерге кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты рөлдерді өзара бөліп алып, шиеленіскен жағдайды шешу ұсынылды. Бірнеше адам бақылаушы рөлінде болды. Олар даулы жағдайдағы әрбір «әртістің» мінез-құлқына баға беруге тиіс болды.