Студенттік жобалардың көрме-сайыс
- Подробности
- Опубликовано: 12 апреля 2019
2019 жылдың 12 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде психология және дефектология кафедрасында студенттік жобалардың тұсаукесері өтті. Іс-шара модераторлары: Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психол.ғ.к., Сатыбалдина Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Проблемалық топтарды құрудың мақсаты студенттердің ғылыми, оқу және ғылыми қызығушылығын дамыту, факультеттің ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, бірқатар теориялық және қолданбалы мәселелерді шешу болды.
Қолданбалы сипатқа ие жеті жоба ұсынылды. Проблемалық топтар мүшелерінің қызметін, ұсынылған жобалардың сапасын, олардың нәтижелілігін құзыретті қазылар алқасы бағалады. Іс-шара соңында барлық қатысушылар студенттік жобалардың презентациялық-байқау сертификаттарымен марапатталды.