Мектептегі педагогикалық қақтығыстарды басқару
- Подробности
- Опубликовано: 12 апреля 2019
Педагогика кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «ҚжЭН», «Тарих» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Оқытушы студенттермен семинар барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктердің түрлеріне және оны шешу жолдарына тоқталды. Тәжірибелік сабақ толығымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ тәжірибесін трансляциялау бойынша өткізілді. Семинар сабақта мультимедиялық кешен, слайдтар, фильм фрагменттері, үлестірме материалдар, критериалды бағалау қағаздары және т.б. ресурстар қолданылды. Семинар барысында әр сұрақтың мазмұнын ашу үшін «Панельді таныстырылым» және «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы келіспеушіліктің туындау себептерін анықтады. Әр сұрақ рефлексиямен қорытындыланып, алдын-ала белгіленген дескрипторлар арқылы студенттер бірін-бірі бағалады.
Студенттер семинарға белсене қатысты. Ашық тәжірибелік сабаққа педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Өтегенова Бибігул Мазановна және кафедра оқытушылары: Шалгимбекова А.Б., Иванова Е.Н., Хамзина К.Б., Мнайдарова С.С., Аканбаев Б.Н. қатысты. Сабақ болашақ мұғалімдерді оқытудың жаңартылған мазмұны мен инновациялық әдістерінің талаптарына сәйкес өткізілді.